Middle FrontEnd Developer
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Процестерді автоматтандыру жүйесі аясында Web-қолданбалармен жұмыс істеу (не бұрыннан бар қолданбаны жетілдіру, не нөлден бастап өз қолданбасын жасап шығару);
  • Frontend бөлімін процестерді автоматтандыру жүйесімен біріктіру;
  • Кодты тесттермен жабу;
  • Code review жүргізу.
Бізге не қажет:
  • TypeScript пен JavaScript-ті өте жоғары деңгейде білу;
  • React библиотекасын өте жоғары деңгейде білу;
  • Адаптивті беттелетін күрделі SPA әзірлеу қабілеті;
  • REST ful-сервистердің жұмыс принципімен танысу;
  • Таза код жазуға талпыну, командада пайдаланылатын стильді сақтау;
  • Figma-мен жұмыс тәжірибесі және дизайнерлермен жақсы тіл табыса білу;
  • Дизайн жүйесін пайдалану;
  • Командада жұмыс істей алу;
  • Қиын міндеттерді шешкенді жақсы көру.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер