Middle Data Analyst
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Не істеу керек болады:
  • Клиенттер базасымен жұмысты оңтайландыруға қажетті деректерді талдау стратегияларын әзірлеу және енгізу.
  • Күрделі деректерді талдау, нәтижелерді түсіндіру және стратегиялық ұсыныстарды әзірлеу.
  • Бизнес қажеттіліктерін түсіну және аналитикалық сұрауларды тұжырымдау үшін негізгі мүдделі тараптармен жұмыс істеу.
  • Машиналық оқыту мен болжамды аналитиканы қоса алғанда, деректерді талдаудың жетілдірілген әдістерін әзірлеу және енгізу.
Лауазым абоненттік құпия ақпаратпен жұмыс істеуді көздейді.
Бізге не қажет:
  • Деректерді талдау саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл.
  • SQL-ді терең білім, үлкен және күрделі дерекқорлармен жұмыс тәжірибесі.
  • Деректерді визуалдау құралдарын (мысалы, Tableau, Power BI) қолданудың ілгерінді машықтары.
  • Деректерді талдау үшін Python-да бағдарламалау тәжірибесі.
  • Болжамды аналитика мен статистикалық талдау модельдерін құру және басқару тәжірибесі.
  • Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі және клиенттер базасымен жұмыс істеу ерекшеліктерін білгені жөн.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change