Middle Auto QA (Auto QA team)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек
  • дайын өнімдердің техникалық тапсырмаға сәйкестігін және қателердің болмауын тексеру мақсатында кірісті бақылау функциясын жүзеге асыру;
  • тестілеу жоспарлары мен тест-кейстерді жасау;
  • бағдарламалық өнімді кешенді тестілеуді жүргізу нәтижелері бойынша есептемелерді дайындаумен айналысу;
  • бағдарламалық өнімнің техникалық құжаттамасын жасау және жүргізу;
  • командалар ішінде БЖ құрастыруға қатысты қабылданған тәжірибелерді жақсарту жолдарын іздеу;
  • бағдарламалық өнімді автоматты түрде тестілеу саласындағы жаңа технологиялар мен фреймворктардың жарамдылығын талдау және сынамалы түрде енгізу.
Бізге не қажет
  • Python тілінде тестілеуді автоматтандыру тәжірибесі;
  • ОББ қағидаларын білу;
  • Тестілеуді автоматтандырудың фреймворктарын білу;
  • REST/SOAP тестілеуді жүргізу тәжірибесі;
  • Жобалаудың негізгі үлгілерін (автоматтандыруда қолданылатын) білу;
  • Реляциялық деректер базасымен жұмыс істей білу, SQL білу;
  • Қарапайым PL/SQL процедураларын, функцияларын жаза білу артықшылық береді;
  • Git (Gitlab) нұсқаларды бақылау жүйесімен жұмыс істей білу;
  • Техникалық құжаттамын оқи алатындай деңгейде ағылшын тілін білу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...