Мақсатты маркетинг құралдарын дамыту менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Архитектура, бизнес және жүйелік талдау тұрғысынан мақсатты маркетинг жүйелерін енгізу және дамыту;
  • Мақсатты маркетинг процесстерін автоматтандыру;
  • Жүйелердің жұмысымен байланысты ішкі және сыртқы процесстерді құру.
Біздің үздік үміткерімізде:
  • Жоғары білімі бар (маркетинг, кибернетика);
  • Дерекқорларды, соның ішінде ДҚ NO SQL жасаудың теориялық негіздерін, дерек қоймаларын құру қағидаларын білу (өлшеулер, фактілер, витриналар, өзгертулер, деректердің логикалық үлгісі және басқа);
  • Campaign Management, Data Mining, BI жүйелерінің жұмыс қағидаларын білу;
  • Мақсатты маркетинг қағидаларын және науқандар мен коммуникацияларды және абоненттер базасын басқаруды автоматтандыру процесстерін түсіну;
  • Биллинг жүйелері жұмысының қағидаларын түсіну;
  • SQL-ді білу;
  • Математикалық-статистикалық талдау қағидаларын түсінсе артықшылығы болмақ;
  • Тамаша коммуникативтік машықтарға ие, креативті, бастамашыл, жауапты, ойланып әрекет етеді;
  • Телеком саласында білімдері болғаны абзал (телеком операторы ретінде);
  • Ірі компаниялардың мақсатты маркетинг жүйелерін енгізу және құру жобаларына change manager немесе бизнес-аналитик ретінде қатысқан;
  • Мақсатты маркетингпен жұмыс тәжірибесі болса нұр үстіне нұр;
  • Бизнес-процесстерді бизнес-талдау және реинжиниринг бойынша тәжірибесі;
  • Кросс-функционалды жобаларда жаңа функционалды енгізуге және дереккөздерді дамытуға қойылатын талаптарды шоғырландырушы және біріктіруші рөліндегі жұмыс тәжірибесі;
  • Бизнес-кейстерді жасау тәжірибесі болса жақсы;
  • Деректер витриналарын жасау тәжірибесі;
  • Есептеу алгоритмдерінің, бизнес процесстердің нұсқаулықтары мен сипаттамаларын жасау тәжірибесі;
  • Бизнес процесстерді, жүйелерді біріктіруді автоматтандыру тәжірибесі;
  • Ағылшын тілін білгені (жазбаша/ауызша) абзал;
  • Адамдармен қарым-қатынас орнату білу, бейімделгіштік, стресске төзімділік.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр