Абоненттердің қанағаттануын және теңгерімдегі қалдықтарды басқару жөніндегі менеджер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Бағыттар бойынша (микросегменттер, тақырыптар, ықтимал пайда болу нүктелері бойынша) желіні қолдану мерзімі 0-6 айдан тұратын жаңа абонентті проактивті және реактивті ұстау бойынша коммерциялық белсенділіктің орта мерзімді стратегиялық және тактикалық жоспарлары мен дизайнын әзірлеу;
  • Базаны сегменттерге бөлу стратегиясын жасауға қатысу;
  • Жаңа абоненттердің кетуін азайту бойынша белсенділіктер роадмэпін жасауға және іске асыруға қатысу;
  • Жаңа базаның кетуін факторлық талдау, кетуді митигациялауға бағытталған әрекеттерді болжау;
  • Абоненттер базасының проблемалы сегменттерін анықтау (сату сапасы, абоненттердің белсенділігі);
  • Абоненттер базасына арналған мақсатты ұсыныстардың тиімділігін арттыратын жаңа өнімдерді әзірлеу және ағымдағы өнімдерді пысықтау бойынша идеяларды қалыптастыру.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Білімі: Технологиялар (АТ/Телеком), Математика, Ғылым, Бизнес, Экономикалық-математикалық модельдеу, Кибернетика салаларындағы жоғары / бакалавр;
  • Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • Жобаларды басқару тәжірибесі;
  • Науқандардың дизайнын жасау/іске қосу/басқару тәжірибесі болғаны абзал;
  • Аналитикалық және креативті ойлау;
  • Телекоммуникациялық өнімдерді басқару;
  • Қаржы және маркетинг саласындағы білімдер;
  • Бағдарламалар мен жобаларды басқару;
  • Экономикалық-математикалық модельдеу және болжау.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change