B2C өнімдерінің менеджері
Жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
Жасап шығарудан бастап коммерциялық түрде қызметін бастағанға және енгізгеннен кейінгі қолдау көрсетуге дейін өнімдердің өмірлік циклын жоспарлау және басқару:
·Жаңа және өзгертілуі тиіс өнімдердің жобалық құжаттамаларын және де оларға қойылатын бизнеске қатысты талаптарды құрастыру және келісу;
·Мақсатты сегменттердің қажеттілігіне сәйкестікті анықтау үшін нарықтың және бәсекелестік ортаның талдауын жүргізу;
·Маркетингтік кампанияларды және стратегиялық бастамаларды құрастыру және жүзеге асыру;
·Өнімдердің және нарықтағы трендтер тиімділігінің мониторингі үшін талдау жұмыстарын жүргізу;
·Өнім портфелін, оның ішінде бағаны белгілеуді және даму стратегияларын басқару;
·Өнімдерді сатуға шығару алдында тестілеуді ұйымдастыру және жүргізу;
·Өнімдерді техникалық және коммерциялық түрде іске қосуды қамтамасыз ететін кросс-функционалды топтармен әрекеттесу;
· Қызмет нәтижелері туралы басшыларға арналған есептемелерді дайындау.
Бізге не қажет
·Экономика, маркентинг, аналитика және техникалық мамандықтар саласындағы жоғары білім;
·Телекоммуникациялар мен ІТ салаларының немесе финтех-компаниялардың телекоммуникация бөлімдерінде телекоммуникациялық немесе ІТ-өнімдерге баға белгілеу саласындағы 2 жылдан артық жұмыс тәжірибесі;
·Өнімдерді және қызметтерді іске қосу және басқару тәжірибесі.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·Гибридті жұмыс істеу форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
·Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
·Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
·KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
·Корпоративтік ұялы байланыс;
·Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
·Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
·Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
·Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр