Жабдыққа сервистік қызмет көрсету бойынша жетекші маман
Жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Тендер өткізу/абоненттік құрылғыларды сатып алу үшін қажетті құжаттаманы дайындау: бизнес бағыттарына сәйкес тендерлік процедураларға қажетті техникалық тапсырманы әзірлеу;
  • Өнімдерді тестілеу: жаңа пайдаланушы жабдығын тестілеу: *сынақ стендін және сыналатын құрылғыларды орнату; * OSS жүйелерінің функционалын пайдалана отырып, нақты уақыттағы өлшеулерді қоса алғанда, әртүрлі сценарийлерде құрылғылардың жұмысын өлшеу және диагностикалау (нақты уақыттағы KPI-ді өлшеу, абоненттердің, секторлардың трейстерін жүргізу және т. б.);
  • CPE жұмысын талдау үшін OSS-те трассирлеуді (трейстерді) жүзеге асыру;
  • Жаңа өнімдерді тестілеу хаттамаларын жасау;
  • Алынған деректерді талдау, болуы ықтимал проблемаларды анықтау және құжаттау;
  • Тестілеу нәтижелері бойынша құрылғылардың салыстырмалы топ-парақтарын жасау;
  • Тестілеу нәтижелерін сипаттай отырып, ұсынымдар берілген есепті дайындау;
  • Анықталған кемшіліктерді жою үшін техниктермен және инженерлермен өзара байланыста жұмыс істеу; сыртқы серіктестермен, сатушылармен өзара байланыста жұмыс істеу:
  • Жаңа бағдарламалық-аппараттық өнімдерді, абоненттік жабдықтарды және SIM карталарды тестілеу, оңтайландыру және диагностикалау;
  • Web интерфейсін және пайдаланушы нұсқауларын теңшеу;
  • Ақауларды және оларды жою әдістерін анықтау;
  • Бірлескен жобаларды іске асыру үшін сыртқы жеткізушілермен, серіктестермен, сатушылармен өзара тиімді байланыс орнату;
  • Ынтымақтастық шарттары бойынша келіссөздер жүргізу және қойылған міндеттер мен бюджетті ескере отырып, жаңа шешімдер енгізу;
  • Стратегиялық даму: нарық қажеттіліктері мен инновациялық трендтерді ескере отырып, абоненттік құрылғылар желісін дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу;
  • Жабдықтың жұмысын талдау және нарықты мониторингтеу: абоненттік құрылғылар нарығын және технологиялар саласындағы үрдістерді талдау;
  • Нарықтың операциялық мониторингін жүргізу және бәсекеге қабілеттілікті қолдау үшін түзету шараларын ұсыну;
  • Өнімнің өмірлік циклін басқару, соның ішінде іске қосу, дамыту, және пайдаланудан шығару;
Компанияның қоймаларында ақаулы ТМҚ-ға абоненттік жабдыққа, SIM карталарға және басқа да есеп берілуі тиіс ТМҚ-ға операциялық талдау жүргізу.
Бізге не қажет:
  • Жоғары математикалық / техникалық білімінің болуы;
  • Техникалық құжаттамамен жұмыс тәжірібесі, ТТ құра білу, жасаушылармен және жеткізушілермен өзара байланыста жұмыс істей алу;
  • LTE (4G) и 5G EN-DC технологияларын терең түсіну, оның ішінде:
  • Желі архитектурасын (eNodeB, gNodeB, EPC, Core Network);
  • Радиоинтерфейстердің, модуляциялардың жұмыс принциптерін (QPSK, 16QAM, 64QAM, 256QAM);
  • KPI параметрлері мен метрикаларын (RSRP, RSRQ, SINR, CQI, BLER);
  • Тасымалдаушыларды (CA), MIMO, Beamforming агрегаттау технологияларын. 5G-дегі NSA (Non-Standalone) және SA (Standalone) режимдерінің принциптерін.
  • Бағдарламалармен жұмыс істеу машығы: ДК тәжірибелі пайдаланушысы (MS Word, Power Point, MS Excel).
  • Логтардың трейстері мен талдауға қажетті OSS-жүйелермен жұмыс тәжірибесі.
  • Техникалық құжаттамамен жұмыс істей алу, 3GPP-стандарттарын түсіну.
  • Өлшеулердің деректерін талдау және түсіндіру қабілеті. Тестілеуді автоматтандыруға арналған негізгі скриптеу білімі (Python, Bash) (артықшылығы болмақ).
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·       Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
·       Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
·       Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
·       KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
·       Корпоративтік ұялы байланыс;
·       Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
·       Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
·       Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
·       Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр