Онлайн мониторинг жүргізуші жетекші маман
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Міндеттері:
  • Шығыс байланыс орталығының KPI қызметкерлерінің және іске асырылатын жобаларының көрсеткіштерінің тиімділігін талдау;
  • Статистикалық және динамикалық деректерді талдаудан алынған нәтижелер негізінде, Шығыс байланыс орталығының жұмысын жақсартуға қатысты кеңестерді ұсыну;
  • Кез келген оқиға туралы ақпаратқа жедел жауап қату және Компания басшылығы мен мүдделі бөлімшелеріне хабарлау, жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізуге байланысты оқиғалардың Шығыс байланыс орталығына әсерін талдау;
  • KPI мақсатты мәндеріне жетуге кедергі келтіретін себептерді дер кезінде анықтауға қажетті жұмыстарды ұйымдастыру, оларды жою шараларын қолға алу;
  • Шығыс қоңырауларын шалу үшін, абоненттер базасымен жұмыс жүргізу (іріктеу, бөлу);
  • Шығыс байланыс орталығының есептерін жүргізу, жүйелерді жасау және оларды жетілдіру бойынша техникалық тапсырмаларды жасау;
  • Шығыс байланыс орталығының жұмыстарын/жобаларын орындау нәтижелері бойынша есептерді жүргізу;
  • Шығыс байланыс орталығының бұрыннан бар есептері бойынша аудит жүргізу, бизнес процестерінің өзгертілуі, жаңаларының жасалып, қолданысқа енгізілуі себепті жаңа есептерді жасау;
  • Есептерді жүргізу (есептерді сипаттау, баптау) жөнінде нұсқаулықтарды жасау;
  • Шығыс байланыс орталығының ай сайынғы жұмыс кестесін жасау, негізгі көрсеткіштерді мақсаттық деңгейінде сақтау үшін, еңбек ресурстарын топ қызметкерлерінің арасында бөлу;
Талаптары:
  • Жоғары білім;
  • Телекоммуникациялар, IT, сату аналитикасы салаларындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл;
  • Ақпаратты жинау, бағалау және талдау әдістері;
  • Бизнес-процестерін басқару және оңтайландыру;
  • Өз білімін басқаларға презентация жасау және тиімді жеткізу дағдылары;
  • Іскерлік хат-хабар алмасу дағдылары;
  • Іскерлік қарым-қатынас дағдылары, стреске төзімділік, командада жұмыс істей білу.
  • Тілдерді білуі: Орыс/қазақ тілдері – міндетті, ағылшын тілі – (артықшылығы болмақ);
Қандай жағдайлар жасалады:
  • Тұрақты жалақы және лайықты жыл сайынғы сыйақы
  • Қызметтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы ең жақсы провайдерлерден білім алу
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе;
Тәжірибе мен дағдылар:
  • Телемаркетинг қалай жұмыс істейтінін түсіну қажет.
  • Есеп берумен жұмыс істеуге машықтандыру (сату шұңқыры)
  • КО тиімділігін талдау, қызметкерлердің KPI есептеулері және т.б.
  • Excel, SQL, Tableau бағдарламаларында озық білімі мен тәжірибесі
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...