Трейд-маркетингтің жетекші маманы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
· Құжаттаманы үйлестіру және дайындау, ынталандыру бағдарламаларын, басқа белсенділіктерді және B2C арналарындағы трейд маркетингтің жобалық бағыттарын іске қосу талаптарын енгізу және келісу;
· Құжаттарды, келісім-шарттарды, 1С құжат айналымының қаржылық құжаттарын келісу;
· Трейд маркетингтің жаңа белсенділіктерін құрастыру кезінде есептемеге толықтырулар/өзгертулер енгізу процестерін үйлестіру;
· Ынталандыру бағдарламалары бойынша есептілікті жүргізу;
· Сауда бөлімдеріне (Dealer Pro жобасы) және СМ бөлімдерінің басқа жобаларына арналған мобильді қосымшаны техникалық қолдау және жүргізу (трейд-маркетинг бөлімінің контентті толтыруы);
· СМ белсенділіктері бойынша Request түскен сұрауларды өңдеу;
· Белсенділіктер, сауда жабдықтары және POS-материалдар бойынша бәскелестердің жұмысы туралы ақпарат жинастыру (арналардың супервайзерлерімен жұмыс жұргізу);
· B2C арналарындағы СМ белсенділіктер бойынша аймақтық кеңселерден түскен сұрауларды өңдеу;
· СМ бөлімі жүргізетін сыртта өткізілетін маркет турларға қатысу;
· Oracle BI, CRM Chicago және СМ бөлімімен байланыстағы басқа бағдарламалардан есептілікті жүктеп алу және жинақтау;
Invoice Clients рұқсат беру
Бізге не қажет :
· Экономика немесе маркетинг саласындағы жоғары білім;
· Шет елдік компаниялардың немесе қазақстандық ірі компаниялардың трейд-маркетинг немесе сауда салаларындағы кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.


Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті жұмыс істеу форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр