Орындарды іздеу және жалға алу жөніндегі жетекші маман
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
  • Компанияның жабдығын орнаалстыруға қажетті нысандарды іздеу;
  • Компанияның жабдығын орналастыруға арналған жалға алу шарттарын жасасу мақсатында, келіссөздерді жүргізу, ғимараттардың, құрылыстардың және жер учаскелерінің иелерін көндіру;
  • Көппәтерлі үйлердің тұрғындарына негізгі станциялардың жабдықтары зиянсыз екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Компанияның жабдығын орналастыру мәселелері бойынша көппәтерлі үйлердегі пәтер иелерінің жиналыстарын ұйымдастыру және олардың арасында сауалнама жүргізу;
Және сізден не күтеміз:
  • Жоғары техникалық/заңгерлік/экономикалық білім;
  • Жылжымайтын мүлікті жалға беру немесе сату саласындағы немесе жерлердің, ғимараттардың, үй-жайлардың иелерімен жиі сөйлесуді қажет ететін басқа саладағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
  • Топография негіздерін білуі, карталар мен сызбаларды пайдалана білу;
  • Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын білу;
  • Желі нысандарының құрылысы жөніндегі жалпы техникалық талаптарды білу, келіссөз жүргізу машықтарын меңгеру, жалға беруге қатысты азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы заңнаманы білу;
  • GPS-навигация құралдарын, есептеуіш және компьютерлік техника құралдарын коммуникация және байланыс құралдарын қолдана білу;
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Жыл сайынғы лайықты сыйақы;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Корпоративтік ұялы байланысын төлеп беру;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...