Шығыс байланыс орталығына онлайн мониторинг жүргізуші жетекші маман
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Міндеттері:
Шығыс байланыс орталығының KPI қызметкерлерінің және іске асырылатын жобаларының көрсеткіштерінің тиімділігін талдау;
Статистикалық және динамикалық деректерді талдаудан алынған нәтижелер негізінде, Шығыс байланыс орталығының жұмысын жақсартуға қатысты кеңестерді ұсыну;
Кез келген оқиға туралы ақпаратқа жедел жауап қату және Компания басшылығы мен мүдделі бөлімшелеріне хабарлау, жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізуге байланысты оқиғалардың Шығыс байланыс орталығына әсерін талдау;
KPI мақсатты мәндеріне жетуге кедергі келтіретін себептерді дер кезінде анықтауға қажетті жұмыстарды ұйымдастыру, оларды жою шараларын қолға алу;
Шығыс қоңырауларын шалу үшін, абоненттер базасымен жұмыс жүргізу (іріктеу, бөлу);
Шығыс байланыс орталығының есептерін жүргізу, жүйелерді жасау және оларды жетілдіру бойынша техникалық тапсырмаларды жасау;
Шығыс байланыс орталығының жұмыстарын/жобаларын орындау нәтижелері бойынша есептерді жүргізу;
Шығыс байланыс орталығының бұрыннан бар есептері бойынша аудит жүргізу, бизнес процестерінің өзгертілуі, жаңаларының жасалып, қолданысқа енгізілуі себепті жаңа есептерді жасау;
Есептерді жүргізу (есептерді сипаттау, баптау) жөнінде нұсқаулықтарды жасау;
Шығыс байланыс орталығының ай сайынғы жұмыс кестесін жасау, негізгі көрсеткіштерді мақсаттық деңгейінде сақтау үшін, еңбек ресурстарын топ қызметкерлерінің арасында бөлу;
Ұжымда жағымды атмосфера орнауын қамтамасыз ету;
Процестерді оңтайландыруға бағытталған сұрауларды ұсыну;
Басшылықтың барлық жұмыс процестері мен тапсырмаларын уақытылы және бұлжытпай орындау;
Бөлімше қызметкері еңбек демалысында, іс-сапарда болғанда немесе еңбекке уақытша жарамсыз болып қалғанда (ауырып қалғанда), басшының тапсырмасы бойынша оны алмастыру.
Талаптары:
Жоғары білім;
Телекоммуникациялар, IT, сату аналитикасы салаларындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл;
Ақпаратты жинау, бағалау және талдау әдістері;
Бизнес-процестерін басқару және оңтайландыру;
Өз білімін басқаларға презентация жасау және тиімді жеткізу дағдылары;
Іскерлік хат-хабар алмасу дағдылары;
Іскерлік қарым-қатынас дағдылары, стреске төзімділік, командада жұмыс істей білу.
Тілдерді білуі: Орыс/қазақ тілдері – міндетті, ағылшын тілі – (артықшылығы болмақ);
Қандай жағдайлар жасалады:
Медициналық сақтандыру;
Қызметтік ұялы байланыс;
Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;