Ірі бизнесті дамыту жөніндегі маман
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Компанияның өнімдері мен қызметтерін ірі бизнес сегментіндегі ағымдағы клиенттеріне сату, жаңа клиенттерді тарту;
  • Ағымдағы кіріс көрсеткіштері мен белсенді базаны ұстап қалу/ұлғайту жөніндегі міндеттерді қалыптастыру мақсатында сеніп тапсырылған портфель көрсеткіштерін талдау;
  • Жаңа клиенттерді іздеу және тарту;
  • Өз портфелі бойынша клиенттерді тарту стратегиясын қалыптастыру, келіссөздерді жүзеге асыру;
  • Ағымдағы портфельмен жұмыс істеу;
  • Клиентпен серіктестікті дамыту жоспарын әзірлеу: клиентке ұсынылатын қызметтер мен өнімдер жиынтығын, ұсыныстың кезектілігін, байланыс арналарын, өнімдердің әрқайсысы бойынша клиент тарапындағы байланыстарды айқындау;
  • Клиенттермен келісімшарттар дайындауға бастамашы болу, сондай-ақ клиенттердің пікірлерін жинау, компания департаменттерінің клиенттермен келісімшартқа қол қою қызметін үйлестіру;
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Сату немесе қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 2 жыл, В2В клиенттермен жұмыс тәжірибесі;
  • Корпоративтік тапсырыс берушілермен жұмыстың ерекшелігін білу (B2B); Сату циклі;
  • Коммерциялық шарттар мен келісімдерді жасау тәртібін білу;
  • Коммерциялық мәмілелерді жасасу рәсімдері мен шарттарын, мотивация беру әдістерін және тұтынушыларға тауарлар мен қызметтерді ұсыну схемаларын білу;
  • Мәмілелерді басқару (мәмілені әлеуетті сату сатысынан келісімшарт жасауға дейін жүргізу);
  • Шарттар мен оған ілесе жүретін құжаттарды жасасу және ресімдеу тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды білу;
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • тұрақты еңбекақы және тоқсан сайынғы сыйақылар;
  • корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • қосымша медициналық сақтандыру;
  • кездесулерге барған кезде «Яндекс Такси» қызметін төлеп беру.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...