Жылжымайтын нысандарды салу жөніндегі жетекші маман
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Ілеспе құжаттаманы жүргізуді қоса алғанда, жаңа нысандарды ашу және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау жөніндегі жобаларды дайындау;
  • Жоба бойынша жұмыстың тұжырымдамасын, мақсаттары мен негізгі кезеңдерін әзірлеуге және келісуге қатысу;
  • Жоба бойынша жұмыстардың күнтізбелік және ресурстық жоспарын жасау;
  • Жобаға қатысушылардың жұмыс жоспарын орындауын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;
  • Жоба бойынша жұмыстарды тиісінше орындау үшін тысқары ұйымдармен өзара байланыста болу;
  • Қызметтерді жеткізушілерді таңдау бойынша тендерлер өткізуге қатысу.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл;
  • Қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау жөніндегі нормативтік құжаттарды білу;
  • Құжаттамамен жұмыс тәжірибесі;
  • Мердігерлермен жұмыс тәжірибесі;
  • Келіссөздерді жүргізе білу;
  • Ұйымдастыру қабілеті. Жоба құжаттамасымен жұмыс істей алу. AutoCad бағдарламасын білу, сызу сыза алу.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Тұрақты жалақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр