Роуминг жөніндегі жетекші маман
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Роуминг қызметтерін тестілеуді ұйымдастыру және өткізу, құжаттама және тест нысандарын алмасу, тестілік SIM-карталар алмасу мақсатында роуминг-серіктестермен келіссөздер жүргізу;
  • Жоспарланған бағыттарды коммерциялық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу, қосымша қызметтерді (CAMEL, GPRS, LTE және т. б.) тестілеу;
  • Халықаралық роуминг қызметтерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мерзімді тексеру сынақтарын өткізу мақсатында роуминг-серіктестермен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
  • Роуминг-серіктес желілері параметрлерін баптауды ұйымдастыру, тест нәтижелерін қабылдау және техникалық проблемаларды шешу бойынша техникалық дирекциямен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
  • Алаяқтықтың алдын алу және кірістерге кепілдік беру бөлімімен, сондай-ақ алаяқтық мәселелері жөніндегі роуминг серіктестермен өзара әрекеттестікті жұмыс істеу;
  • Ілеспе құжаттарды әзірлеу.
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Жоғары экономикалық, математикалық немесе IT білім;
  • Телекоммуникация саласындағы ұқсас лауазымда кем дегенде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Роуминг қызметтерін ұйымдастыру және көрсету принциптерін, байланыс стандарттары мен технологияларын, GSMA нормативтік актілері мен ерекшеліктерін білу;
  • Келіссөздер жүргізу, жобаларды басқару машықтары;
  • Есептеу техникасы мен компьютерлік техниканы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалана білу;
  • Ағылшын тілін кем дегенде Intermediate деңгейінде.
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...