Радиожеліні оңтайландыру бөлімінің бас инженері

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Қолынан келетін және жақсы көретін дағдылары:
· OSS жүйесіндегі автоматтандыру құралдарының көмегімен жұмыс процестерін оңтайландыру (iSStar скрипттер жазу), базалық станциялар бойынша RNO ішкі дерекқорларын жүргізу;
· Спектрлік тиімділікті жоғарылатуға қатысты ұсыныстарды құрастыру және талдау (рефармингтердің қажеттілігіне талдау жүргізу, жүктемелерді теңестіру механизмдерін баптау), және де желінің сиымдылығы мен жүктелуін талдау және проблемалы секторлардың үдесін азайтуға арналған ұсыныстарды құрастыру;
· Жоспарлы жұмыстар немесе желіні жаңарту аясында базалық станцияларды конфигурациялау (кеңейту, жаңа базалық станцияларды іске қосу);
· Тиісті аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып радиожелі сапасын бақылауға арналған драйв-тесттерді ұйымдастыру және жүргізу (мысалы, Nemo Outdoor и Tems Investigation);
· Кейіннен жүргізілетін пост-өңдеулерді жүргізу және тиісті бағдарламаларды қолдана отырып талдау (мысалы, Nemo Analyze и Tems Discovery);
· Радиожелі сапасын бақылау мақсатында базалық станциялардың және базалық станциялардың контроллерлерінің статистикалық деректерін талдау.
Бізді қызықтыратын дағдылар:
· GSM/UMTS/LTE радиожелілерін құрастыру принциптерін білу;
· Электротехниканың және радиобайланыстың теориялық негіздерін, радио толқындардың таралу теориясын, антенналы-фидерлі құралдар теориясын білу;
· 5G NSA/SA радиожелілерінің құрылу принциптерін, интерфейстерін, құрылысын білу;
· NR-5G радиоинтерфейсінің негізін білу;
· OSI моделінің негізін, деректерді тарату желілерінің протоколдарын білу;
· MORAN/MOCN радиоинтерфейсін бірлесіп қолдану принциптерінің негізін білу;
· NB-IoT желілерін құрастыру принциптерін түсіну;
· VoLTE технологиясының және оның жұмысын оңтайландыру негіздерін түсіну;
· Rohde&Schwarz ROMES, SmartOne бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдысы (болғаны жақсы);
· Python, R, VBA бағдарламалалау тілдерінің негізін білу (артықшылық береді);
· Python, R, VBA, Java, SQL бағдарламалалау тілдерінің бірінде бағдарламалық кодтарды жаза білу (артықшылық береді);
· iSStar құрастыру ортасында жұмыс істей білу (артықшылық береді);
Жалақыдан басқа не ұсынамыз
· Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
· Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
· KPI жетістіктері бойынша жылдық бонустар;
· Корпоративті ұялы байланыс;
· Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
· Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
· Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
· Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
· MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр