● Шығыс байланыс орталығының KPI қызметкерлерінің және іске асырылатын жобаларының көрсеткіштерінің тиімділігін талдау;
● Статистикалық және динамикалық деректерді талдаудан алынған нәтижелер негізінде, Шығыс байланыс орталығының жұмысын жақсартуға қатысты кеңестерді ұсыну;
● Кез келген оқиға туралы ақпаратқа жедел жауап қату және Компания басшылығы мен мүдделі бөлімшелеріне хабарлау, жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізуге байланысты оқиғалардың Шығыс байланыс орталығына әсерін талдау;
● KPI мақсатты мәндеріне жетуге кедергі келтіретін себептерді дер кезінде анықтауға қажетті жұмыстарды ұйымдастыру, оларды жою шараларын қолға алу;
● Шығыс қоңырауларын шалу үшін, абоненттер базасымен жұмыс жүргізу (іріктеу, бөлу);
● Шығыс байланыс орталығының есептерін жүргізу, жүйелерді жасау және оларды жетілдіру бойынша техникалық тапсырмаларды жасау;
● Шығыс байланыс орталығының жұмыстарын/жобаларын орындау нәтижелері бойынша есептерді жүргізу;
● Шығыс байланыс орталығының бұрыннан бар есептері бойынша аудит жүргізу, бизнес процестерінің өзгертілуі, жаңаларының жасалып, қолданысқа енгізілуі себепті жаңа есептерді жасау;
● Есептерді жүргізу (есептерді сипаттау, баптау) жөнінде нұсқаулықтарды жасау;
●Шығыс байланыс орталығының ай сайынғы жұмыс кестесін жасау, негізгі көрсеткіштерді мақсаттық деңгейінде сақтау үшін, еңбек ресурстарын топ қызметкерлерінің арасында бөлу.