Оқыту және дамыту бойынша бас маман
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Актобе қ.
Қолынан келетін және жақсы көретін дағдылары:
· Қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында және қажетті оқытуды жоспарлау үшін қызметкерлердің білім деңгейін мерзімді түрде бағалап отыру;
· Клиенттерге сапалы қызмет көрсету мақсатында қызметкерлерді оқытудың түрлі форматтары арқылы қажетті теориялық және тәжірибелік біліммен қамтамасыз ету;
· Қызметкерлерді ынталандыруды және еліктіруді жоғарылататын құралдарды жасап шығару және енгізу;
· Бөлім аясында Компанияның корпоративті мәдениетін және құндылықтарын дамыту.
Бізді қызықтыратын дағдылар:
· Жоғары білімнің болуы (психологиялық, педагогикалық, бизнес-тренер);
· Қызметкерлерді оқыту мен дамытудың заманауи әдістері мен құралдарын білу;
· Оқыту бағдарламаларын құрастыра білу және оларды қызметкерлердің әр түрлі санаттарына бейімдей алу;
· Бизнестің нақты міндеттеріне арналған тренингтерді жылдам құрастыра білу.

Жалақыдан басқа не ұсынамыз:
· Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
· Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
· Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
· KPI жетістіктері бойынша жылдық бонустар;
· Корпоративті ұялы байланыс;
· Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
· Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
· Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
· Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
· MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр