Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
Пакеттік ядро жабдықтарының жағдайына үздіксіз мониторинг жүргізу;
Жүйе жұмысындағы ауытқуларды анықтау және талдау, сондай-ақ пайда болатын проблемалар мен ақауларға жедел түрде жауап беру;
Техникалық сұрақтарды ретке келтіру және шешу, сондай-ақ бөлім жабдығын жұмысқа жарамды күйде ұстауға қатысты ақаулардың диагностикасын, талдауын жүргізу және оларды жою шараларын қабылдау;
Жүйенің масштабталуы мен өнімділігіне талдау жасау, және де оның жұмысын жақсартуға арналған оңтайландыру шараларын енгізу;
«Апаттық билеттерді» ашу, сүйемелдеу және талдау;
Жүйенің өнімділігі мен ашықтығын талдау;
Бөлімнің ақауы бар жабдықтарының сынған бөлшектерін/платаларын/серверлерін және басқа да ұқсас жабдықтарын уақытылы ауыстыру;
Жаңа конфигурациялардың өзгерістерін қолдану;
Компанияның қолданыстағы және жаңа роуминг серіктестерінің конфигурациясы және имплементациясы;
Және сізден не күтеміз:
Ethernet желілері жұмысының қағидаларын, TCP/IP протоколдарын тәжірибе жүзінде білуі тиіс;
Mobile Packet Core құрылымын тәжірибе жүзінде білуі тиіс;
ІР бағдарлауды және коммутацияны тәжірибе жүзінде білуі тиіс;
BGP, OSPF, MPLS динамикалық бағдарлау протоколдарын тәжірибе жүзінде білуі тиіс;
SS7, diamater, SIP, GT дабыл жүйелері протоколының негіздерін тәжірибе жүзінде білуі тиіс;
Gx/Gy/Ga/Gb/Iu/Gn/Gp/S1/S11/S5/S8 интерфейстерінің негізін тәжірибе жүзінде білуі тиіс;
Mobile Packet Core SGSN/MME/SGW/PGW/GGSN/CGW/DGW желі элеменеттерінде жұмыс істей білуі қажет;
CDN платформаларының жұмыс негізінің теориясын білу қажет;
DPI жүйелерінің жұмыс негізінің теориясын білу қажет;
Виртуалдау жүйелерінің жұмыс негізінің теориясын білу қажет.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
Корпоративтік ұялы байланыс;
28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
Қосымша медициналық сақтандыру;
Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
MyBook-ке тегін жазылу;
Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Бізге кел! Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз