Желіні дамыту және қолдау бөлімінің жетекші инженері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
  • Желі жабдығын және оған қатысты сервистерді баптау, тестілеу, қызмет көрсету және мониторинг жүргізу;
  • Деректерді тасымалдау желісіндегі мәселелерді анықтау, оның диагностикасын жүргізу және оны шешу;
  • Апаттық оқиғаларды шешу және жою;
  • Желі жабдығының профилактикалық және жөндеу-баптау жұмыстарын жүргізу;
  • Деректерді тасымалдау желісіндегі жаңарту жұмыстарын жүргізу;
  • Техникалық шешімдерді/тапсырмаларды талдау және пысықтау;
  • Жобалық және техникалық құжаттаманы жасау;
  • Телекоммуникациялық қызмет көрсетушілермен техникалық сұрақтар бойынша қарым-қатынас жасау;
  • Жабдық/бағдарламалық жасақтама вендорының техникалық қолдау қызметімен қарым-қатынас жасау
Және сізден не күтеміз:
  • Транспорттық IP-желісінің жұмыс принципі мен құрылымын түсіну;
  • Желі жабдығымен: бағдарлауыштармен коммутаторлармен, фаерволдармен (Huawei, Juniper, Cisco, Ericsson) жұмыс істеу тәжірибесі;
  • TCP/IP және BGP, MPLS, IS-IS, OSPF бағдарлауыш протоколдарын білу;
  • VPN (L2VPN, L3VPN, IPSec, GRE) құрылымын түсіну;
  • Quality of Service (QoS) механизмдерінің жұмыс принциптерін түсіну;
  • Желі қауіпсіздігі принциптерін түсіну;
  • Мониторинг жүйелерімен (Zabbix, Netflow, Syslog және т.б.) жұмыс істеу және әкімшілендіру тәжірибесі;
  • Linux БЖ білу;
  • Бағдарламалау тілдерін (Python, Go және т.б.) білу және скрипттерді жазу тәжірибесі артықшылық береді;
  • Мобильді байланыс операторларының GSM/UMTS/LTE желілерінің құрылысын түсіну.
Ыңғайлы жұмыс графигінен бөлек, бізде мыналар бар:
  • Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • My book-ке тегін жазылу;
  • Фитнес қызметтеріне корпоративтік ұсыныс;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе Алматы.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр