Радиоқабылдаудың барлық технологияларының базалық станцияларын конфигурациялау, іске қосу және күйге келтіру;
Қолданыстағы жұмыс жоспарларына сәйкес параметрлерді BSC/RNC/eNodeB/gNodeB күйіне келтіру;
Қолданыстағы жабдықты кеңейту және жаңа BSC/RNC/IPCLK жабдықты орнату аясында монтаждау және баптау жұмыстарын жүргізу;
BSC/RNC базалық станцияларының контроллер жабдықтарын жоспарлау, конфигурациялау және қызмет көрсету;
Проблемаларды анықтау және жабдықтарда туындайтын апаттық жағдайларды жою;
Желінің статистикалық талдауын жүргізу;
Ішкі жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған бағдарлама жасау тілінде, оның ішінде Python тіліндегі скрипттерді жасау;
Бөлімнің күн сайынғы тапсырмаларының өзектілігін қадағалау;
Бағдарлама жасау және автоматтандыру скрипттерін жасау саласындағы білімін жетілдіру;
Жабдық өндірушілермен (вендорлармен) және бірлескен жобалар бойынша серіктестермен әрекеттесу;
Радиожелінің жаңа жабдығы мен жаңа функционалын тестілеу;
Техникалық білім мен дағдылар деңгейін үнемі жетілдіріп отыру;
Жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды жүргізу.
Қойылатын талаптар:
Білімі: жоғары техникалық немесе экономикалық;
Телекоммуникациялар саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
GSM/UMTS/LTE/5G стандартты желілердің құрылыс қағидаларын, мобилді желілер құрылысын және қағидаларын білу;
Телекоммуникациялық жабдық, оның ішінде базалық станция контроллерлері және GSM/UMTS/LTE/5G стандартты базалық станциялары, синхронизация жабдықтары, қықса толқынды диапазондағы радиорелелік жүйелер, белгіленген цифрлы желілер жұмысының қағидаларын білу;
5G NSA/SA радиожелісінің құрылыс, интерфейс, құрылым қағидаларын білу – NR-5G радиоинтерфейсінің негізін білу;
Радиоресурстарды (MORAN/MOCN) бірлесіп пайдалану қағидаларын түсіну;
OSI моделінің негізін, TCP/UDP, SCTP, M3UA/MTP-3, FTP протоколдарын, және Ethernet, IP, SIGTRAN технологияларын білу;
Әр түрлі вендорлармен(Huawei/Ericsson/Nokia) жұмыс істеу тәжірибесі;
U2000/iMaster MAE Huawei, PRS, CME ОБ (операциялық бағдарламаларымен) жұмыс істей білу;
IT Enterprise жүйесін (windows server, VMware, Linux, SQL) білу артықшылық береді;
Creatio, Remedy, Microsoft, Checkpoint платформаларын білу артықшылық береді;
Бағдарлама жасау тілдерін, оның ішінде Python тілін білу;
Электротехника және радиобайланыстың теориялық негізін білу;
Аналитикалық ойлау және бір уақытта бірнеше жүйені түсіну қабілеті.