Заң (азаматтық құқық) саласындағы жоғары білімі бар;
Барлық заманауи әлеуметтік желілер мен соларға ұқсас сервистерді қолдана біледі;
IT, Telecom индустриясында жұмыс істеп көрген, ұлттық компанияларда жұмыс істеген болса, нұр үстіне нұр.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
Компания әзірлейтін шарттардың, бұйрықтардың, ережелердің және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру, сондай-ақ қажет болған жағдайда осындай құжаттарды дайындауға және ресімдеуге қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамасы мәселелері бойынша Компания бөлімшелеріне консультация беру және құқықтық ақпаратты ұсыну;
Заң мәселелері бойынша контрагенттермен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
Компания қызметіне қатысты мәселелер бойынша құқықтық тәуекелдерді талдау, тәуекелдерді азайтуға қажетті ұсынымдарды әзірлеу, тәуекелдерді азайту бойынша заңды шараларды қолға алу.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
Корпоративтік ұялы байланыс;
Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;