Фродтардың алдын алу бөлімінің бас аналитик маманы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Fraud және Revenue Assurance бақылау регламенттерін орындайды, және де талдау нәтижелері бойынша кейінгі жасалатын әрекеттер туралы шешім қабылдайды;
  • Компанияда анықталған табыс көлеміне әсер ететін оқиғаларды уақытылы анықтайды, талдау жасайды және тіркейді;
  • Компанияның өнімдеріне қатысты болжамды қаржылық және басқа да әлеуетті тәуекелдерді талдау мақсатында және олардың алдын алу шараларын дайындау үшін ішкі бөлімдермен әрекеттеседі;
  • Revenue Assurance және Telecom Fraud оқиғаларының себептерін, салдарын, сондай-ақ оларды түзету және алдын алу шараларын анықтайды;
  • Фродтарды және сервистердің жұмысындағы қателерді уақытылы және барынша тиімді түрде анықтау мақсатында бақылаудың жаңа түрлерін құрастыруға және қолданыстағы түрлерін оңтайландыруға қатысады;
  • Жаңа жүйелерді және Revenue Assurance, Telecom Fraud Prevention қызметтерін енгізуге, сондай-ақ қолданыстағы жүйелерді түзетуге және жақсартуға қатысады;
  • Анықталған оқиғалардың статистикасын, және оларға қатысты шығындар мен алды алынған шығындарды есептеуді жүргізеді;
  • Құжаттама және есеп айырысулар бойынша серіктестермен және қызмет көрсетушілермен қарым-қатынас жүргізеді; Болжамды Fraud және Revenue Assurance оқиғалары бойынша Компания бөлімдеріне және сыртқы серіктестер мен өнім берушілерге ақпарат жіберіп отырады, анықталған оқиғалардың статистикасын, және оларға қатысты шығындар мен алды алынған шығындарды есептеуді жүргізеді.
Бізге не қажет:
  • Жоғары техникалық/экономикалық білімге ие болу;
  • Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл;
  • MS Windows, MS Office, PL SQL бағдарламаларымен жұмыс істей білу деңгейі жоғары болуы тиіс, Tableau, Jenkins білуі тиіс;
  • PL/SQL Developer жұмыс істеу дағдысы болғаны жөн;
  • RAFM, Биллинг жүйелері, ұялы байланыстың телекоммуникациялық жабдықтары, телекоммуникациялық компаниялардың бизнес-процестері саласында жұмыс тәжірибесі болғаны жақсы.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және тек бұлар ғана емес
  • Гибридті немесе қашықтан істейтін жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Join us!
Send your resume
change
Your resume is already on its way to our recruiters
We are reviewing it and will definitely get back to you if your experience fits our needs.
Meanwhile, keep an eye on the space of opportunities