Жетекші Agile Coach
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Өзгерістерді басқару: Agile тәсілдерін енгізуді қамтамасыз ету және өзгерістерге бейімделуді жеңілдету үшін өзгерістерді басқару процесіне қатысу;
  • Процестерді жүргізу: ұйымдағы Agile-процестерді жобалауға және жүргізуге қатысу, оларды бірегей қажеттіліктерге қарай бейімдеу;
  • Функционалды көшбасшылық: синхрондау, тәжірибе алмасу және практика алмасу үшін компаниядағы басқа Agile жаттықтырушыларымен және Scrum шеберлерімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу;
  • Қолдау және кеңес беру: командалар мен басшыларға Agile тәжірибелері мен принциптерін енгізуге көмектесу;
  • Командаларды дамыту: өз жұмысын өзі басқаруға және шешім қабылдауға қабілетті тиімділігі жоғары командаларды қалыптастыруға көмектесу, командалардың басымдықтарын басқару;
  • Кері байланыс: процестерді және жалпы жұмысты үздіксіз жақсарту үшін топ мүшелері мен басшыларына ашық кері байланыс беру;
  • Дау-жанжалдарды шешу: дау-жанжалдарды шешуге қатысу, ашық талқылауға ынталандыру және сындарлы шешімдерді іздеу;
  • Процестер мен жұмыс тиімділігін жақсарту бойынша кеңес беру;
  • Компания және менеджмент деңгейіндегі оқиғаларды жеңілдету;
  • Көшбасшыларға арналған коучинг: Agile принциптері мен құндылықтары бойынша мәдениетті дамыту үшін басқару стильдерін өзгертуде басшылар мен менеджерлерді қолдау.
Бізге не қажет:
  • Жоғары білім;
  • Agile және Scrum сертификаттары, коучинг саласындағы білім;
  • Agile масштабтау, трансформациялық өзгерулерді іске асыру, инновацияларды басқару процестерін әзірлеу және енгізу және стратегияны орындау бағдарламаларын іске қосу тәжірибесі 5 жыл не одан көп болуы керек;
  • Жобаларды және бизнес-процестерді басқарудың негізгі қағидаттарын білу: бизнесті әкімшілендіру, жобаларды басқару, стратегиялық жоспарлау салаларында;
  • Телеком саласында жұмыс істеген болса, нұр үстіне нұр;
  • Адамдармен жақсы тіл табыса білу, процестер мен талаптардың өзгеруіне тез бейімделу және икемділік;
  • Жүйелі ойлану, ынталы және шабыт бере алатын көшбасшы.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар;
  • Корпоративті ұялы байланыс;
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонеменеттер;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...