Корпоративтік қызметтерді басқаратын жетекші әкімші
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Серверлерде жүйелік бағдарламалық жасақтаманы конфигурациялау, кіру құқығын орнату;
  • Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • Инфрақұрылымдық сервистердің істен шығуы салдарынан Компания бөлімшелерінің Бизнес-процестерді орындамай қалуын болдырмау;
  • Инфрақұрылымдық сервистердің (регламенттер, нұсқаулықтар, процедуралар) ақаусыз жұмыс істеуіне қажетті құжаттаманы уақтылы әзірлеу және жаңартып отыру;
  • Істен шығулар мен ақаулардың себептерін диагностикалау және талдау, жүйелер мен инфрақұрылымдық сервистердің жұмыс қабілеттілігін уақтылы қалпына келтіріп отыру;
  • Жүйелер мен компоненттердің өнімділігі туралы мәлімет жинауды жүзеге асыру, сервистердің жұмысын оңтайландыру және істен шығудың алдын алу мақсатында үрдістер мен заңдылықтарға талдау жүргізу;
  • Маңызды деректердің сақтық көшірмесін жасауға қатысты міндеттерді орындау және оларды тестілеу ортасында қалпына келтіру процесін мерзімді тексеріп отыру;
  • Жүйені жаңғыртуға және сапасы мен сенімділігін арттыруға бағытталған жобаларға қатысу, инфрақұрылымдық жүйелерді дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • Жүйелік әкімшілендіру тобының қызметкерлеріне білімі мен машықтарын үйрету, оларға күрделі міндеттерді шешуде көмек көрсету;
  • Қызметкерлерді оқытуға және шешімдерді іске қосуға қатысу;
  • SLA-ны сақтай отырып Remedy-дегі процестердің АТ автоматтандыру, эскалацияларды, хабарламаларды баптау;
  • SLA-ны сақтай отырып CREATIO-дағы процестердің АТ автоматтандыру, эскалацияларды, хабарламаларды баптау;
  • Есептілік жүйелерімен жұмыс істеу;
  • Басқа жүйелермен кіріктірілетін модульдерді әзірлеу және ретке келтіру;
  • Linux, Windows серверлерін әкімшілендіру;
  • Жүйелерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды жасау;
  • ITSM процестеріне сәйкес модульдерді жасап шығару.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Жоғары техникалық білім;
  • IT саласында кем дегенде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Регламенттік, жобалау және пайдалану құжаттамасын әзірлеуге қажетті практикалық машықтар;
  • Ақпараттық жүйелерді енгізу процесін түсіну;
  • Linux жүйелерімен, Windows Server 2008-2019 топтарымен жұмыс тәжірибесі;
  • Дерекқорларды басқару жүйелерін жақсы білу (MS SQL, ORACLE);
  • Ағылшын тілін техникалық құжаттарды оқи алатын деңгейде білу;
  • BMC REMEDY әкімшілендіру тәжірибесі кем дегенде 1 жыл;
  • BMC Remedy ARS платформасында жасау тәжірибесі;
  • TERASOFT «CREATIO» (BPM Online) платформасындағы жұмыс тәжірибесі;
  • BMC Remedy базасында АТ-сервистерді басқару жүйесі бойынша базалық кәсіби білім.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі;.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change