Заңгер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Жоғары заң білімі (азаматтық құқық);
  • Қазіргі барлық әлеуметтік желілерді және соларға ұқсас сервистерді қолдана білу;
  • IT, Telecom индустриясында, ұлттық компаниялардағы жұмыс тәжірибесі құпталады.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Компания жасайтын шарттардың, бұйрықтардың, ережелердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларына құқықтық сараптама жасау, сондай-ақ, қажетіне қарай, сондай құжаттардың дайындалуына және ресімделуіне қатысу;
  • Компания бөлімшелеріне Қазақстан Республикасының заңнама мәселелері бойынша консультациялар беру және құқықтық ақпаратты ұсыну;
  • Контрагенттермен заң мәселелеріне қатысты өзара әрекеттестікте болу;
  • Компанияның қызметіне қатысты мәселелердің құқықтық тәуекелдерін талдау, тәуекелдерді азайту жөнінде ұсынымдарды әзірлеу, тәуекелдерді азайтуға қатысты заңды шараларды іске асыру.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...