Интернет арқылы қызмет көрсету супервайзері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Біздің үздік үміткерімізде:
· Клиенттерге digital арналарда 24/7 жедел және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
· Топ мамандарының клиенттерге қызмет көрсету бөлімінің басты мақсаттары мен көрсеткіштерін орындауын, оның ішінде клиентермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуын қамтамасыз ету;
· Топты тікелей басқару, мамандар құзыретін дамыту, топ құру;
· Жеке және заңды тұлғалардың ресми хаттарына жауап дайындау;
· Мемлекеттік органдардың, адвокаттардың сұрауларына және клиенттердің басқа да өтініштеріне ресми жауап қайтару кезінде мемлекеттік органдармен әрекеттесу дирекциясының қызметкерлерімен және заңгерлермен қарым-қатынас жасау және көмек көрсету;
· Digital арналарға, оның ішінде клиенттерге digital арналарда қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған процестерді автоматтандыру және роботтандыру, инновациялық жобаларды құрастыру және енгізу туралы өтініш жасау үлесін жоғарылату;
Сіздің басты міндеттеріңіз:
· Көлемді міндеттерді орындау және басымдылықтарды дұрыс анықтау тәжірибесі;
· Жоғары деңгейлі жауапкершілік және барлық процестерді үнемі жақсартып отыру дағдысы;
· Digital арналарда клиенттерге қызмет көрсету топтарын біріктіру және оларды Компания мақсаттарына жетуге ұмтылдыру;
· Уақытынан бұрын тамаша нәтижелер көрсету;
  • Күрделі міндеттерді стандарттан тыс шеше білу.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және тек бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс істеу форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр