B2G сегментінің сауда қызметін дамыту тобының басшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: кемінде 6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
Электронды сауда алаңдарының мониторингін жүргізу, қызметтерге деген сұраныстарды анықтау, электронды сауда алаңдарында қызметтерді сатып алуға және Компаниямен жасалған келісімдердің мерзімін ұзартуға бағытталған келісім-шарттарды жасайтын мемлекеттік тапсырыс берушілер мен басқа да компанияларды табу;
  • Мемлекеттік сатып алуларға қатысуды жоспарлау және бақылау, нарық мониторингін жүзеге асыру, бәсекелестік ортаның талдауын жүргізу;
  • Бұрынғы клиенттерді ұстап қалу және дамыту, және келісімдерді электронды сауда алаңдарында жасайтын жаңа мемлекеттік тапсырыс берушілер мен басқа да компанияларды тарту арқылы корпоративті сауда қызметіне қатысты бұйрықтарда белгіленген ай сайынғы/тоқсандық/жылдық жоспарлар мен нормативтердің орындалуын бақылау;
  • B2G сегментіне клиенттерді тарту стратегиясын құрастыру;
  • Бұрынғы және жаңа клиенттермен электронды сауда алаңдарында жасалатын жобаларды жүзеге асыруға күш жұмсау;
  • Ұялы байланыс саласындағы, сондай-ақ Корпоративті сауда қызметі ұсынатын басқа да қызметтер мен тауарларға (өнімдерге) қатысты келісім-шарттарды электронды сауда алаңдарында жасайтын мемлекеттік тапсырыс берушілер мен басқа да компаниялардың қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
  • B2G сегментінің бұрынғы және жаңа клиенттерімен кездесулер, келіссөздер өткізу;
  • Нақты өнімдерге деген сұраныстарды анықтау және оларды қанағаттандыру мақсатында коммерциялық және баға ұсыныстарын құрастыруды бақылау;
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Сауда саласында, оның ішінде бөлім/топ басшысы/менеджері ретінде, кемінде 5 жылдық тәжірибесі бар;
  • Корпоративті және мемлекеттік тапсырыс берушілермен (B2B,B2G) жұмыс істеу ерекшелігін толық түсінеді;
  • B2G сегментіндегі телекоммуникация саласының трендтері мен болашақтағы даму бағыттарын біледі;
  • B2G, В2В сегментіндегі телекоммуникация саласының нарықтық жағдайын (ойыншылар, үлестері, трендтер, ретроспектива) түсінеді;
  • Қаржылық жоспарлаудың, баға белгілеудің қағидаларын, маркетинг негіздерін біледі;
  • Коммерциялық шарттар мен келісімдерді құрастыру тәжірибесі бар;
  • Қызметкерлерді оқыту және ынталандыру түрлері мен әдістерін, мақсаттарды тұжырымдау қағидаларын біледі;
  • Азаматтық құқықтар мен байланыс саласында қолданылатын заңнамаларды (Байланыс туралы заң, Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын) біледі;
  • Дерекқорлармен және статистикалық есептемелермен жұмыс тәжірибесі бар.
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер