Смартфондар мен аксессуарлар саудасын дамыту бөлімінің басшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан артық
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің негізгі міндеттеріңіз:
  • Барлық сауда арналарында (бөліп төлеу, смартфондарды жалға алу, маркетплейстер арқылы сату және онлайн сауда арнасы) MBB құрылғыларды, телефондар мен Компанияның басқа да өнімдерін алға тартудың қолданыстағы және де жаңа әдістері мен құралдарын дамыту;
  • Онлайн және оффлайн сауда арналарында девайстар мен әр түрлі санаттағы тауарларды сату стратегиясын жасау және жүзеге асыру;
  • Серіктестік желісін ұлғайтуға қатысты әрекеттерді жоспарлау және іске асыру, смартфондар саудасының жоспарын орындауға қолдау көрсету;
  • Жаңа серіктестерді табу және жұмысқа тарту, бұрын жасалған келісім-шарттардың орындалуын бақылау;
  • Өткізілген шаралардың нәтижелілігін талдау және сәйкес есептемелерді өткізу;
  • Экономикалық тиімділікті бақылау, девайстар саудасының табыстылығы мен маржиналдылығын арттыруға бағытталған бастамаларды іске қосу;
  • Қызметкерлердің еңбек тиімділігін жоғарылатуға және сауда көлемінің ұлғаюына қажетті ынталандыру жүйесін жасау және енгізу.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Телекоммуникациялар саласындағы немесе көпшілік нарықтағы (қызмет көрсету саласында) кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі бар;
  • Аналитикалық білімі жетік, кейстерді есептей алады, сауда стратегиясын қалыптастыра біледі, болжау жасай алады және т.т.;
  • Қарым-қатынас орната алады және жетік таныстыру дағдыларына ие;
  • Excel бағдарламасын жетік біледі, графиктер құра алады, Power point, BІ бағдарламаларында презентация жасай біледі, жобаларды басқаратын БЖ, 1С біледі;
  • Серіктестермен жұмыс істеу тәжірибесі бар.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр