Монобрендті арнаны дамыту және басқару бөлімінің басшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: кемінде 6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Монобрендті сауда арнасының стратегиясын құрастыру және бекіту;
  • Монобрендті желінің дилерлік және меншік салондарын компания стратегиясы мен қызмет жоспарына сәйкес кеңейту жоспарын құру, және оның жүзеге асырылуын бақылау;
  • Монобрендті сауда арнасының бюджетін қалыптастыру және оның орындалуын бақылау;
  • Компанияның негізгі және қосымша өнімдерінің орташа чектері мен сатылымдарын ұлғайту арқылы дилерлік және меншік сауда орындарының маржиналдылығын арттыру;
  • Бәсекелестердің дилерлік және меншік сауда орындарының мониторингін жүргізу;
  • Арнаның маржиналдылығы мен сауда көлемін ұлғайту мақсатында дилерлік франшиза келісім-шарттарын, сауда шарттарын өзгерту;
  • Монобрендті арнаның сатуға қатысты жоспарланған көрсеткіштерінің орындалуын бақылау;
  • Монобрендті сауда желісіндегі сату көлемі мен түсімді ұлғайтуға, шығындарды азайтуға арналған бастамаларды қолға алу;
  • Монобрендті сауда желісінде ынталандыру бағдарламаларын іске қосу;
  • Өз сауда орындарында келіссөздер өткізу, аудит жүргізу, серіктестер мен салон қызметкерлерінің жұмысын бақылау бойынша супервайзерлерді оқыту.
Біздің үздік үміткеріміз:
  • Жоғары экономикалық/техникалық білім иесі;
  • Телекомуникациялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласының жалпы нарығында кемінде 3 жылдық жұмыс тәжірибесі бар;
  • Телекоммуникациялар/FMCG саласындағы сауда қызметіндегі релевантты тәжірибесі 5 жылдан кем емес;
  • 1С, биллинг есептік жүйелерінін жетік біледі;
  • Монобрендтер жұмысының қағидаларын, қызмет көрсету және сату процедураларын біледі;
  • Қызметкерлерді оқыту және ынталандыру түрлері мен әдістерін біледі;
  • ҚР ұялы байланыс нарығын, FMCG біледі;
  • Келіссөздер жүргізу тәжірибесі бар;
  • Құжаттамамен жұмыс жасау тәжірибесі бар.
Карьералық өсу, ресми жұмысқа орналасу және бұлар ғана емес:
  • Гибридті жұмыс форматы немесе қашықтықтан жұмыс істеу және жұмыстың басталу уақытының ыңғайлылығы;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер