Data Engineering бөлім басшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6–9 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Немен айналысу керек:
  • DataEngineering бөлімін басқару: персоналды іріктеу, дамыту, ынталандыру, тәлімгерлік жасау және міндеттерді орындауының сапасын бақылау;
  • Бюджетті жоспарлау және DE қызметі аясында БЖ сатып алу;
  • Федеративтік кіруді қамтамасыз ететін және әртүрлі көздерден алынған деректерді біріктіретін құралдардың көмегімен, деректерді біріктіру орталарын және деректер конвейерлерін жасауға қатысу;
  • Деректердің құрылымындағы архитектуралық өзгерістерді жоспарлау және оларды компанияның басқа бөлімшелерімен келісу;
  • Деректердің есепке алу жүйелерінің арасындағы көшуін кейіннен Data Lake пен DWH-ді толықтыра отырып автоматтандыруға арналған ETL/ELT процестерін жасау жауапкершілігі;
  • Деректердің ағындарын және байланысты жүйелерді бақылау және қолдау (мониторингті және нотификацияны баптау);
  • Регламенттелген мерзім ішінде деректердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Деректер ағындарын тестілеу (жүктемелік/модульдік) процестерін ұйымдастыру, метадеректерді басқару, құжаттаманы қолдау.
Біз не күтеміз:
  • Деректердің алгоритмдері мен құрылымдарын білу;
  • Өнеркәсіптік клиентпен - серверлік дерекқорларды басқарудың реляциялы жүйелерімен/NoSQL (Oracle, Clickhouse, PostgreSQL, Redis, MongoDB және басқалармен) жұмыс тәжірибесі;
  • Өнеркәсіптік ETL/ELT - құралдармен (Power Centre Informatica / Oracle Data Integrator / Talend және басқаларымен); Airflow, NiFi жұмыс тәжірибесі;
  • SQL, PL/SQL-ді ілгерінді деңгейде білу және пайдалану дағдылары; - Python, Java немесе Scala-ны білу;
  • Үлкен деректерді өңдеу технологияларымен жұмыс тәжірибесі: Hadoop, Spark, Kafka;
  • Apache Hive, Impala-мен жұмыс тәжірибесі;
  • Дерек қоймаларын және көпөлшемді текшелерді құру тәжірибесі (OLAP технологиялары);
  • Деректердің Data Vault, Star scheme, Snowflake scheme сияқты үлгілерін білу;
  • Бұлтты платформалармен жұмыс тәжірибесі;
  • Business Intelligence платформаларын (Oracle BI, Power BI, QlikView, Tableau) пайдалану тәжірибесі;
  • Windows, *nix тобының операциялық жүйелерімен жұмыс тәжірибесі;
  • Деректерді сақтау және өңдеудің бөлінген жүйелерін құру принциптерін білу;
  • Төмендегілердің жұмысын түсіну: хаттамалар – HTTP(S), LDAP, SMTP, (S)FTP, SOAP; Архитектура: REST, SOA, API; Деректер құрылымы: JSON, XML, WSDL, XSD;
  • Басқару жүйелерінің (SVN, Git); Jira, KM – Confluence нұсқаларымен жұмыс тәжірибесі;
  • ElasticSearch-пен жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады;
  • Жеке қасиеттері: өзіне жауапкершілікті алуға және бастама көтеруге дайын болу; икемділік, бейімделгіштік, және белгісіздік жағдайында жұмыс істей білу қабілеті; ынталандыру жүйелерін әзірлеу және даулы жағдайларды сәтті шешу тәжірибесі.
Біз не ұсынамыз:
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Өз ішімізде және сыртта оқыту;
  • Қызметтік мобильді байланыс;
  • Жылдық бонустар бағдарламасына қатысу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...