Head of Data Analytics
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан астам
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Data Analytics және Data Partners (9+ адам) бөлімшелерінің жұмысын жолға қою және басқару;
  • KPI, OKR бөлімшесін құру және олардың команда болып жеткен жетістіктерін бақылау;
  • data-driven тәсілін дамыту үшін, компанияның басқа бөлімшелерімен қарым-қатынас орнату және үйлесімде жұмыс жасау;
  • SQL, Python және басқа бағдарламалау тілдерін пайдалану арқылы, деректермен жұмыс істеу;
  • дашбордтарды жасау, процестерді автоматтандыру;
  • деректерді зерделеу, күрделі жүйелерді құрылымдау, бизнеске пайда келтіруі үшін, процестерді қайтадан ойластыру.
Бізге не қажет:
  • 2 жылдан асатын жемісті басқару тәжірибесі;
  • бөлімшенің жұмысын нөлден бастап құру тәжірибесі;
  • аналитикалық тәжірибе және Python, ETL, SQL және BI құралдарын меңгеру;
  • өнімдік метрикалармен жұмыс тәжірибесі, болжамдарды жасау және сынақтан өткізу тәжірибесі;
  • ынталандыру жүйелерін әзірлеу және даулы жағдайларды сәтті шешу тәжірибесі
  • өзіне жауапкершілікті алуға және бастама көтеруге дайын болу;
  • икемділік, бейімделгіштік, және белгісіздік жағдайында жұмыс істей білу қабілеті.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр