ШОБ сегментіндегі корпоративті сату бөлімінің басшысы
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
Компания бекіткен стратегияны ШОБ сегментінде жүзеге асыру;
Кірістер көлемі мен абоненттер саны бойынша бизнес нарығы клиенттерінің үлесін сақтау және ұлғайту мақсатында ШОБ сегментін дамытуға арналған егжей-тегжейлі стратегиясын құрастыру;
Корпоративті клиенттерді тарту, дамыту және ұстап қалу процестерін басқаруға бағытталған жаңа бастамаларды енгізу;
Терең талдауларды жүргізу арқылы сауда деңгейін басқару;
Тендерлерге, серіктестермен/клиенттермен жүргізілетін келіссөздерге қатысу;
Сауданың жаңа бағыттарын дамыту.
Біздің үздік үміткеріміз:
Сауданы ұйымдастырудағы және басқаруда 5 жылдан жоғары тәжірибесі бар;
Сауданы стратегиялық жоспарлау тәжірибесі бар;
B2B қызметтерін сатудағы тәжірибесі бар және телекоммуникация, IT және банк салаларындағы сауда процестерін түсінуі маңызды;
Әлеуетті клиенттерді өз клиенттеріне айналдыра алады, компанияның айналымын ұлғайтады;
Басқаруда икемді әдістемелерді біледі және қолдана алады; Дизайндық ойлау құралдарын үнемі қолданады
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
Тұрақты еңбекақы;
Корпоративтік ұялы байланыс;
28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
Қосымша медициналық сақтандыру.
Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу;
Фитнес қызметтерін корпоративтік ұсыну;
Алматы қаласының орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.