Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Міндеттері:
мүліктің бар-жоғын және оның құрамы мен техникалық жағдайын тексеруді қамтамасыз ету мақсатында, Компанияның активтерін (негізгі құралдарын, тауарлық-материалдық құндылықтарын) түгендеу тобының өндірістік қызметіне басшылық етеді;
активтерді түгендеу бойынша жұмыс жоспарларын жасайды, олардың орындалуын ұйымдастырады;
жұмысты топ қатысушыларының арасында бөледі, оларға өндірістік тапсырмаларды белгілеп береді;
орындалған жұмыстардың көлемін, уақытылы жасалуын және сапасын бақылайды;
активтерді қайтадан санауға, оларды техникалық куәландыруға, есеп үшін, салық үшін олардың құнын анықтауға, түгендеуді уақытылы әрі ақылға қонымды мерзімдерде жүргізудің алдыңғы қатарлы тәжірибесін енгізуге тікелей араласады;
түгендеу мәселелері бойынша қызметкерлерге консультациялар береді;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік және еңбек тәртібі, ішкі еңбек тәртібі бойынша тәртіптің сақталуын бақылайды;
топ қатысушыларының біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары, экономикалық;
Түгендеу жүргізуге қатысу;
Түгендеу жүргізуге қатысты заңнаманы білу;
Нәтижелерді шығаруды және есепте нәтижелерді көрсетуді білу;