FMC өнімдері жөніндегі менеджер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы қ.
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • FMC өнімдеріне арналған құнды ұсыныстарды әзірлеу және талдау.
  • Үйдегі интернет нарығын, бәсекелестер мен тұтынушыларды, бірегей мүмкіндіктер мен артықшылықтарды айқындау мақсатында зерттеу.
  • Үйдегі интернетке арналған құнды ұсыныстар стратегиясын, оның ішінде баға қою, пакеттік ұсыныстар және қызмет көрсету шарттарын жасау және сынақтан өткізу.
  • Компания ішінде де, сыртқы нарықта да үйдегі интернетке арналған құнды ұсыныстар коммуникациясын басқару, маркетинг материалдарын жасау мен жарнама науқандарына қатысуды қосқанда.
  • Үйдегі интернетке арналған құнды ұсыныстардың тиімділігін бағалау және стратегияларды нарық пен клиенттердің қажеттіліктерін талдау барысында алынған деректер негізінде түзету.
  • Құнды ұсыныстарды сәтті енгізу және қолдау үшін, компанияның әртүрлі бөлімдерімен (маркетинг, сату, техникалық қолдау) ынтымақтастық орнату.
  • Ресми іскерлік хат алмасу ісін жүргізу.
  • Өнімдерді іске қосуға қажетті бюджеттік және қаржылық технологияларды, нұсқаулықтар мен бұйрықтарды дайындау.
Бізге не қажет:
  • Маркетинг, стратегиялар немесе өнім менеджменті бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан жоғары болуы керек, әсіресе телекоммуникациялар немесе интернет-провайдерлер саласында.
  • Маркетинг, бизнес, экономика немесе солармен шектес мамандықтар бойынша жоғары білім.
  • Телекоммуникациялар, үйдегі интернет, нарық пен бәсекелестерді зерттеу салаларында терең білімі болуы тиіс.
  • Үйдегі интернет саласындағы өнімдерге арналған құнды ұсыныстарды әзірлеу және тестілеу тәжірибесі болуы тиіс.
  • Телекоммуникация саласындағы баға қоюдың, қызметтерді әдемі ұсына білудің және сату стратегияларының ерекшеліктерін түсіну.
  • Мықты аналитикалық және стратегиялық машықтар, жылдам өзгеріп отыратын салаға бейімделу қабілеті.
  • Адамдармен тез тіл табыса білу және командада жұмыс істей алу, әсіресе, компанияның әртүрлі бөлімдерімен (маркетинг, сату, техникалық қолдау).
  • Телекоммуникация саласындағы нәтижелерді бағалауға қажетті деректер мен өлшемдерді талдау құралдарын білу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз
  • Гибридті немесе қашықтан жұмыс істеу форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр