Радио желісін оңтайландыру бөлімінің сарапшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
  • Жаңа сервистерді/технологияларды енгізу, олардың параметрлерін оңтайландыру (мысалы, VoLTE/NB-IoT/5G);
  • Желідегі Consistency check әдіснамасын жасау және жоспарын, көлемін, басымдықтарын айқындау;
  • Спектрлі тиімділікті талдау және оны жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу (рефармингтердің қажеттігіне талдау, жүктемені теңестіру механизмдерін баптау), сондай-ақ желінің сыйымдылығы мен жүктеу мүмкіндігін талдау және проблемалы секторларды (PUT3) азайтуға қатысты ұсыныстарды әзірлеу;
  • Мобильді радио байланысы нарығын желінің сапасына, сыйымдылығына және өткізу қабілетіне оң әсерін тигізе алатын жаңалықтар тұрғысынан ұдайы бақылап отыру;
  • Радио желісінің бұрыннан бар функционалын оңтайландыруға қажетті жаңа технологиялық шешімдерді/параметрлерді іздеу;
  • Қоңыраулар трейстерін талдау (шағым түсірген абоненттің жеке нөмірі сияқты ақпаратқа ие болу).
Және сізден не күтеміз:
  • Электр техникасы мен радио байланысының теориялық негіздерін, радио толқындардың таралу теориясын, антенналы-фидерлік құрылғылардың теориясын білу;
  • GSM/UMTS/LTE радио желілерін құру қағидаларын білу;
  • Радио желілерін жоспарлау және оңтайландыру мәселелері бойынша терең білімі болу;
  • 3GPP, ETSI, IEEE, ITU-R, IMT-2000 стандарттары мен техникалық сипаттізімдерін жақсы білу және еркін түсіну. - SIP Signaling түсіну;
  • VoLTE технологиясын және оны оңтайландыруды жақсы білу;
  • 5G NSA/SA радио желісін құру принциптерін, интерфейстерін, архитектурасын жақсы білу;
  • NR-5G радио интерфейсін терең түсіну, оның ішінде мм диапазонда;
  • OSI моделі, беру желісінің протоколдары бойынша іргелі білімдер;
  • MORAN/MOCN радио интерфейсін бірлесе пайдалану принциптерін білу;
  • NB-IoT желілерін құру принциптерін терең түсіну;
  • iSStar жасау ортасында жұмыс істей алу.
Ыңғайлы жұмыс графигінен бөлек сізге не бере аламыз:
  • Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...