Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы
Сіздің басты міндеттеріңіз:
Тасымал желісі объектілерін, сыртқы электрмен жабдықтау жүйелері мен биік құрылыстарды салу және жаңғырту жұмыстарын, сондай-ақ жобалау құжаттамасын сапалы қабылдап алу;
АР, АС, КЖ, КМ тұрғысындағы жобалық және жұмыс құжаттамасымен жұмыс;
Құрылыс объектісіне қатысты техникалық құжаттаманы зерделеу және білу;
Әзірленген жобалық шешімдердің берілген тапсырмаға, сондай-ақ қолданыстағы нормативтерге сәйкестігін тексеру;
Жобалық және атқарушылық құжаттаманың толықтығы мен сапасын тексеру;
Байланыс объектілерін сараптау;
Жобалау құжаттамасын және құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдау;
Жұмыс жобасын зерделеу: ғимараттар мен құрылыстарды салу бойынша орындалған жұмыстардың жұмыс сызбаларында көзделген жобалық шешімдерге сәйкестігін тексеру және құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу технологиясының сақталуын тексеру.
Біздің үздік үміткеріміз:
Жұмыс жобаларын жасау тәжірибесіне ие (КМ, КЖ, АС);
Электрмен жарақтандыру, ТОБЖ, байланыс объектілері бойынша тәжірибесі бар;
Құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдауды және жұмыс объектілерін тексеруді біледі;
Құрылыстарға және энергетика нысандарына сараптама жасай алады;
МСТ және ҚНжЕ нормативтік құжаттамаларын біледі.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
Корпоративтік ұялы байланыс;
Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;