EPC пакеттік ядросын және CDN жүйелерін дамыту және пайдалану бөлімінің сарапшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Біз сізге сеніп тапсырамыз:
  • Mobile Packet Core саласындағы жобаларды жүргізу;
  • Mobile Packet Core әр түрлі жабдықтарын коммерциялық пайдалануға беру;
  • Компанияның Mobile Packet Core жабдықтарына қатысты жобаларға қатысу, аталған жобалар бойынша басқа департаменттермен әрекеттесу;
  • Компанияның Mobile Packet Core жабдықтарына қатысты жобаларына арналған техникалық талаптарды талдау және имплементациялық уақыт жоспарын құру;
  • Компанияның Mobile Packet Core жабдықтарына қатысты жаңа жобаларға арналған техникалық талаптарды жасау, RFP/RFI техникалық талдауын жүргізу, жобаны тексеру және өзгерістер енгізу, жоба нәтижесін жоспарлау және бақылау;
  • Жоспарлау кезеңінен коммерциялық іске қосуға дейін жобаларға қолдау көрсету.
Біз сізден не күтеміз:
  • Мобильді/тұрақты операторлық сегмент саласындағы кемінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі;
  • Телекоммуникациялық жабдықтарды орнату, енгізу және іске қосу, статистикалық талдау, деректерді пакеттік тарату (packetcore) ұялы желісінің элементтеріндегі ақауларды жою тәжірибесі;
  • Ұялы байланыс желісін құрудың және оның тораптарының функционалды міндеттері қағидаларын жетік білу;
  • Ұялы байланыстың деректерді пакеттік тарату бөлігінің технологиялары, құрылысы және функционалды элементтері: GSM/UMTS/LTE/5G-NSA/SA, IMS/VoLTE туралы практикалық білімі;
  • Заманауи ұялы байланыс желілерінде қолданылатын деректерді тарату және протоколдар қағидаларын жетік білу.
Ыңғайлы жұмыс графигімен қоса, бізде:
  • Ауысымды жұмыс графигі;
  • Бонустар;
  • Медициналық сақтандыру;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Ұялы байланысын төлеп беру.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр