Биллинг жүйелерінің сарапшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Жасай білу және жақсы көру керек:
  • Биллинг жүйесінің және соған байланысты басқа да жүйелердің бағдарламалық қолданбаларын әкімшілендіру;
  • Қолдаудың 2-ші деңгейін қамтамасыз ету;
  • Ақпараттық жүйені қолдау бойынша тұрақты операциялар мен процедураларды орындау;
  • Ақпараттық жүйенің жұмыс процесінде туындайтын оқиғалар мен проблемаларды шешу;
  • Биллинг жүйелерінде жаңа пайдаланушыларды тіркеу және оларға қолданбаға кіруге рұқсат беру;
  • Түзетулерді, патчтарды және релиздерді тестілеу;
  • Ақаулықтан кейін жүйенің жұмысын қалпына келтіру;
  • Ақаулықтың түпкі себебін анықтау және бөлім бастығына проблеманы уақтылы жеткізу;
  • Тапсырмалардың бастамашыларынан түсетін техникалық талаптарды іске асыру мүмкіндігіне бизнес тұрғысынан талдау жасау;
  • Өнімді ортаға енгізілгеннен кейін одан әрі қолдай отырып, биллингте ағымдағы функционалды жетілдіру.
Бізге не қажет:
  • Жоғары техникалық білім;
  • IT саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Мынадай дерекқорларды басқару жүйелерімен жұмыс тәжірибесі: ORACLE, PostgreSql, Server; Unix (shell) (болғаны дұрыс);
  • АЖ жұмыс принциптерін білу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер