Ірі бизнеспен жүргізілетін жобаларды дамыту тобының басшысы
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Жасай білу және жақсы көру керек:
● Электронды сауда алаңдарының мониторингін жргізу, қызметтерге деген сұранысты анықтау, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Компанияның) қызметтерін сатып алуға қатысты шарттарды және қолданыстағы шарттарды ұзартуды электронды сауда алаңдарында жасайтын мемлекеттік тапсырыс берушілерді және басқа да компанияларды анықтау;
● Мемлекеттік сатып алуларға қатысуды жоспарлау және бақылау, нарық мониторингін және бәскелес ортаға талдау жүргізу;
● Қарым-қатынастағы клиенттерді ұстап қалудың, дамытудың және шарттарды электронды сауда алаңдарында жасайтын жаңа мемлекеттік тапсырыс берушілер мен басқа да компанияларды тартудың арқасында корпоративті сауда бөліміне қатысты бұйрықтарда белгіленген ай сайынғы/тоқсандық/ жылдық жоспарлар мен нормативтердің орындалуын бақылау;
● B2G сегментіндегі клиенттерді тарту және дамыту стартегиясын құру. Электронды сауда алаңдарында қарым-қатынастағы және жаңа клиенттермен жүргізілетін жобаларды жүзеге асыруға күш жұмсау
● Корпоративті сауда бөлімі жүзеге асыратын ұялы байланыс саласындағы және басқа да қызметтер мен тауарларға (өнімдерге) қатысты шарттарды электронды сауда алаңдарында жасайтын мемлекеттік тапсырыс берушілердің және басқа да компаниялардың қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
● B2G сегментіндегі қарым-қатынастағы және жаңа клиенттердмен кездесулер, келіссөздер жүргізу. Нақты өнімдерге қатысты сұраныстарды анықтау және қанағаттандыру үшін коммерциялық және баға ұсыныстарын дайындауды бақылау;
● Корпоративті сауда бөлімінің операциялық жобаларын жасауға бастама болу/қатысу;
● Қол астындағы қызметкерлер жұмысының KPI шамасын бақылау және KPI мақсатты шамалардан ауытқуы болса, шаралар қолдану (кері байланыс, көрсеткіштерді жақсарту жоспарын құру және т.б.); тиісті көрсеткіштердің мақсатты шамаларын дайындауға және белгілеуге қатысу;
● Корпоративті клиенттерге арналған жаңа қызметтерді енгізуге қатысу, жаңа қызметтерді пилоттық іске қосуды корпоративті клиенттермен бірлесе отырып үйлестіру;
● Сауда арнасының мониторингін жүргізу және оны дамыту.
Бізге не қажет:
● Сауда саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл, бөлім/топ басшысы/менеджері ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
● Жағдайға орай жетекшілік;
● Сауда процесін басқару;
● Корпоративті және мемлекеттік (B2B,2) тапсырыс берушілермен жұмыс істеу ерекшеліктерін білу;
● Телекоммуникация саласының B2 сегментіндегі трендтер мен даму перспективасын білу;
● Телекоммуникация саласының 2, B2В сегментіндегі нарық жағдайын (мүшелері, үлестері, трендтер, ретроспектива) білу;
● Қаржылық жоспарлау қағидаларын білу;
● Баға белгілеу тәртібін, маркетиенг негізлерін білу;
● Коммерциялық шарттар мен келісімдерді құрастыру тәртібін білу; Мақсатты тұжырымдау қағидаларын білу;
● Қызметкерлерді оқыту және ынталандыру тұрлері мен әдістерін білу;
● Байланыс саласында қолданылатын азаматтық құқықтар мен заңнамалардың (Байланыс туралы заңның, Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының) негізін білу;
● Өзіне бөлінген сатушы топтарын басқару; Сауда стартегиясы мен жоспарын құру
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
· Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
· Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
· KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
· Корпоративтік ұялы байланыс;
· Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
· Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
· Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
· Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр