Ірі бизнеске арналған өнімдерге қатысты сауда және шешімдер менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні

Жасай білу және жақсы көру керек:
● Сервистік және Big data түсімдер бойынша тоқсандық және жылдық жоспарларды орындау;
● Көрсетіліп жатқан қызметтерден түскен түсімдерді сақтап және клиентпен жүргізілетін қосымша қызметтерді сату және көрсетіліп жатқан қызметтердің мөлшерін кеңейту арқылы бизнестің көлемін ұлғайта отырып, маңызды клиенттермен бірге бизнесті дамытуға қатысу;
● Big Dat шешімдерін дамытуға қатысу;
● Клиенттерге қызмет көрсету бөлімімен әрекеттесу және клиенттердің Компания қызметтері мен сервистеріне көңілі толуының негізгі көрсеткіштерін бақылау;
● Көрсеткіштердің теріс бағытта айтарлықтай ауытқуы болса, бизнес-процестерді өзгертуді бастау;
● Клиенттердің белгілі мұқтаждықтарына және даму әлеуетіне сәйкес стандарттан тыс кешенді ұсыныстарды дайындауға қатысу;
● Өзінің тікелей басшысының және бағыныштылығына қарай Компания басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау;
● Сұранысқа сәйкес кезеңді және бір реттік есептемелерді дайындау.
Бізге не қажет:
Жоғары білім;
● Сауда саласында кемінде 4 жылдық тәжірибе, оның ішінде 2 жылдық тәжірибесі – расталған заңды тұлғалармен тікелей жүргізілген табысты сауда тәжірибесі болуы міндетті;
● ДК және MS Office қосымшаларын жетік білу;
● Дерекқорламен және статистикалық есептемелермен жұмыс істей білу;
● Қазақша сөйлесе білгені жақсы/орысша еркін сөйлеу/ағылшынша техникалық құжаттаманы оқи алу.
Еңбекақы төлеумен ғана шектелмейміз:
·Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің икемді басталуы;
· Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
· Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
· KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
· Корпоративтік ұялы байланыс;
· Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
· Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
· Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтемақы;
· Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр