Желі құрылысы қызметінің директоры
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан астам
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
  • компанияны нарықтағы ең тартымды тапсырыс берушіге айналдыратын бастамаларды стратегиялық жоспарлау және іске асыру
  • желіні дамыту жоспарларын келісілген мерзімде және тиісті сапада іске асыру
  • құрылыс Қызметі мен мердігерлік ұйымдардың ресурстарын басқару, желіні дамыту жоспарларын іске асыруға қажетті қосымша ресурстарды қайта бөлу және тарту
  • Қызмет пен мердігерлік ұйымдар жұмысының тиімділігі мен сапасына қатысты мәселелерді шешу
  • компанияның стратегиялық бастамаларына қол жеткізуге әкелетін жаңа инфрақұрылымдық шешімдерді пысықтау және енгізу
  • желілік инфрақұрылым сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін инженерлік топпен және мердігерлік ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста болу
  • Қызметтегі бизнес-процестерді ұйымдастыру және басқару
  • жеткізушілермен және мердігерлік ұйымдармен өзара байланыста болу, келіссөздер жүргізу және сервистерді де, жабдықтарды да уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету
Және сізден не күтеміз:
  • саладағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес, басшылық лауазымда 2 жылдан кем емес;
  • ұялы байланыс стандарттарына сараптаманың болуы, салалық даму трендтерін көре білу;
  • қосылу желісін дамыту саласындағы телекоммуникациялық компаниялардың бизнес-процестерін білу;
  • өзгерістер мен тәуекелдерді телеком инфрақұрылымы тұрғысынан басқару тәжірибесі;
  • ұялы байланыс инфрақұрылымына қойылатын техникалық талаптарды сараптау және түсіну;
  • ұялы байланыс желілерін орналастыру бойынша ірі жобаларға қатысу және басқару тәжірибесі;
  • АМС/ОДН құру тәжірибесі, құрылыстың технологиялық процесін, осындай құрылыстарды заңдастыру процесін білу;
  • азаматтық-құқықтық ұйымдармен, жеткізушілермен сервистік келісімшарттар мен жеткізу келісімшарттары бойынша келіссөздер жүргізу тәжірибесі.
Ыңғайлы жұмыс графигінен бөлек сізге не бере аламыз:
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • корпоративтік ұялы байланыс;
  • ерікті медициналық сақтандыру;
  • фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...