Бағалау менеджері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Бұл рөлде сен немен айналысасың:
Нәтижені басқару жүйесі бойынша
  • Нәтижені басқару циклін әдіснамалық, сарапшылық, консультациялық қолдауды жүзеге асыру (KPI матрицасын қалыптастыру, мақсат қою, мақсаттарға түзету енгізу, нәтижелерді бағалау, құзыреттер бойынша бағалау, нәтижелерді саралау).
Бағалау бойынша
  • Бағалауды дайындау және әртүрлі әдістермен жүргізу (360 градус; ассессмент және т.б.);
  • Қызметкерлерге бағалау бойынша әдіснамалық, сарапшылық, консультациялық қолдау көрсетуді жүзеге асыру;
  • Қызметкерлерді бағалау нәтижелерімен жұмыс істеуге үйрету.
Таланттарды басқару мәселелері бойынша
  • Қызметкерлерді бағалауды жүргізу және профайлдарды жасау;
  • Дербес даму жоспарларын жасау бойынша кеңес беру және сарапшы ретінде қолдау көрсету;
  • Басшылармен калибрлеу сессияларын өткізу;
  • Лауазымға тағайындау және бағаланатын қызметкерлерді дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Біз сенен не күтеміз:
  • Білімің: жоғары;
  • Ұқсас функцияларды атқаруда жемісті тәжірибең бар;
  • Сәтті іске асырылған бағдарламаларың/жобаларың болса – нұр үстіне нұр;
  • Сұхбат жүргізіп көргенсің, кері байланыс жасай аласың;
  • Құзыреттерің: ұйымдастырушылық қабілеттерің, аналитикалық дағдыларың жақсы дамыған, ауқымды ақпарат массивтерімен жұмыс істей аласың, нәтижені көздейсің.
Біз не ұсынамыз:
  • Тұрақты жалақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...