Корпоративті шаралар менеджері
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3–6 жыл
Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің негізгі міндеттеріңіз:
  • Шара тұжырымдамасын ойлап табудан бастап өткізу нәтижесін стейкхолдерлерге таныстыруға дейінгі әрекеттерді қамтитын онлайн және офлайн корпоративті шараларды жоспарлау, жүзеге асыру;
  • Компания шегінде жүргізілетін командалық, ақпараттық, спорттық, ағартушылық ивент-жобалармен жұмыс жасау;
  • Мердігерлермен қарым-қатынас (іздеу, таңдау, әрекеттесу, олардың жұмысын бақылау, бағалау);
  • Құжаттамамен жұмыс жасау;
  • Корпоративті шаралардың бюджетін жоспарлау және бақылау;
  • Корпоративті шараларды ақпараттық қолдау.
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Ивент-менеджмент саласында кемінде 2 жылдық жұмыс тәжірибесі бар (ивент-агенттік құрамында да, корпоративті ортада да);
  • Шараларды жоспарлау мен оны жүзеге асырудың барлық кезеңдерін, оның ішінде ұйымдастыру және креативті бөлігін біледі және түсінеді;
  • Жобаларды басқару тәжірибесі бар, оның ішінде Agile әдістерін (Kanban, Scrum) қолдану артықшылық береді;
  • Корпоративті шаралармен іштен жұмыс істеу тәжірибесі бар: олардың корпоративті мәдениеттің дамуына әсерін түсінеді;
  • Ағылшын тілін кемінде В2 (Upper Intermediate) деңгейінде біледі, С1 (Advanced) деңгейі артықшылық береді;
  • Ивентерді жақсы көреді және оларды ерекше өткізуге тырысады;
  • Құрылымдық ойлау, күйзелістерге төзімділігі жоғары, командада жұмыс істей алады.
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес.
  • Гибридті жұмыс форматы;
  • KPI жетістіктеріне байланысты жылдық бонустар
  • Қосымша 4 күн демалыс, яғни жылына 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративті ұялы байланыс
  • Құрамына стоматологиялық қызметтер, дәрі-дәрмектер кіретін және екі жақын туысыңызды қосу мүмкіндігі бар ерікті медициналық сақтандыру;
  • Жеңілдікпен және бөліп төлеуге болатын фитнес-абонементтер;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо-күндер мен хакатондарға қатысу;
  • Өз ноутбугіңізді қолданғаныңыз үшін ақшалай өтемақы;
  • Тегін психологиялық көмек алуға арналған онлайн-платформа;
  • MyBook онлайн-кітапханасына тегін жазылу.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер