Шағымдармен және сұраулармен жұмыс жүргізуші супервайзер
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Міндеттері:
  • Топ мамандарының абоненттердің шағымдарымен және сұрауларымен жедел әрі сапалы жұмыс жүргізуін қамтамасыз ету;
  • Клиенттерге көрсетілетін сервистің негізгі мақсаттары мен көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Топқа басшылық жасау, мамандардың құзыреттерін дамыту, команда құру;
  • Арыз-шағымдармен жасалатын жұмысты жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу, және клиенттердің қанағаттануын жоғарылату;
  • Абоненттермен байланыс жасалатын барлық арналардағы арыз-шағымдардң себептерін мониторингтеуге және талдауға қатысу.
Қойылатын талаптар:
  • Жоғары білім;
  • Көшбасшылық қасиеттер;
  • MS Office-те өте жақсы жұмыс істей алу: Excel, Power Point;
  • Клиенттерге көрсетілетін сервис саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Клиенттерге көрсетілетін сервисті жақсартуға бағытталған сәтті жобаларды/инновацияларды/белсенді іс-шараларды іске қосу немесе соларға қатысу тәжірибесі.
Жеке қасиеттері:
  • Ауқымды тапсырмалар көлемін атқара алады және басым бағыттарды дұрыс анықтайды;
  • Жауапкершілігі жоғары және барлық процестерді ұдайы жақсартып отырады;
  • Ашық-жарқын, позитивті, әріптестерімен жағымды қарым-қатынас орната біледі, оларды құрметтейді және еңбектерін бағалай біледі, кәсіби әдеп қағидаларын үнемі сақтайды;
  • Біздің клиенттеріміздің адвокаттарының қызметін атқаратын команданы біріктіреді, және оны Компанияның мақсаттарына жету жолында жүргізеді;
  • Клиентпен қарым-қатынасты бір жобаның немесе процестің шегінде ғана қарамайды, керісінше, клиентке деген қамқорлықпен өмір сүреді;
  • Үздік нәтижені дедлайннан бұрын беріп қояды;
  • Қиын міндеттерді соны тәсілдермен шеше біледі;
  • Ойын ауызша және жазбаша сауатты жеткізеді.
Жасалатын жағдайлар:
  • Медициналық сақтандыру;
  • Қызметтік ұялы байланыс;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе;
  • Гибридті жұмыс форматы.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...