Кластер инженері
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1-3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Бізде жұмыс істеу үшін қажетті дағдылар:
  • Жоғары техникалық білім;
  • телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • телекоммуникациялық жабдықты, АФҚ, РРЖ монтаждау машықтары;
  • деректерді беру жабдығымен, РРЖ жабдығымен жұмыс тәжірибесі;
  • электрмен жарақтандыру бойынша монтаждау жұмыстарын және әлсіз тоқ жүйелерін ұйымдастыру және жүргізу машықтары;
  • электр техникасы және радио техника теориялық негіздерін білу;
  • электр қауіпсіздігі бойынша 3-ші тобы болуы;
  • үздіксіз қуат беру көздерімен, тасымалданатын генератор құрылғыларымен, дизель генераторларымен жұмыс тәжірибесі;
Сізге нені сеніп тапсырмақпыз:
·       базалық станциялар мен радио-релелік желілердің жабдығын жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға байланысты техникалық мәселелердәі шешу;
  • электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
  • РРЖ, БС жабдығын және электр жабдығын баптауды, ретке келтіруді, конфигурациялауды және бағдарламалауды орындау;
  • базалық станциялар мен радио-релелік желілерді қосу, интеграциялау және пайдалануға қабылдап алу бойынша есептілікті жүргізу;
  • пайдалану және апаттарды жою барысында еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын сақтау.
Сізге ыңғайлы жұмыс кестесімен бірге мыналарды ұсынамыз:
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр