Бизнеске үйретуші

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3-6 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні
Алматы
Сіздің негізгі міндеттеріңіз
Тренингтер мен вебинарларды дайындау және өткізу:
  • Компанияның және қызметкерлердің сұранысына сәйкес оқыту шараларын өткізу;
  • Тренингтердің, вебинарлардың нәтижелілігін бағалау және оқу бағдарламаларына қажетті түзетулерді енгізу;
Оқыту материалдарын дайындау:
  • Оқыту материалдарын, оның ішінде презентациялар, кейстер және оқу құралдарын дайындау;
  • Жаңартулар енгізу және оқу ресурстарын компаниядағы өзгерістерге сай бейімдеу;
Есептілік:
  • Статистиканы жүргізу және қызметкерлерді оқыту нәтижелері мен олардың кәсіби дамуы туралы есептемелерді дайындау;
  • Оқу бағдарламаларының нәтижелілігін талдау және жақсартуларды ұсыну
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары
  • Бизнеске үйретуші немесе ұқсас лауазымда жұмыс істеу тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • Софттық тренингтерді өткізу тәжірибесі;
  • Сәтті дайындалған оқыту бағдарламалары,оның ішінде бірегей контент жасау тәжірибесі;
  • Желі қызметкерлерінен бастап басшыларға дейінгі әр түрлі топтарға арналған көзбе-көз және онлайн тренингтерді кәсіби түрде және сәтті өткізу тәжірибесі;
  • Оқу стилі мен түрін аудиторияға сәйкес бейімдей алу;
  • Оқыту жобаларын басқару дағдысы;
  • Презентацияларды (таныстыруларды) жасай білу;
  • Оқытудың әр түрлі форматтарымен (көзбе-көз, онлайн, аралас) жұмыс істей білу;
  • Эмпатия және әр түрлі адамдармен жұмыс істей алу;
  • Харизма және өз-өзіне сенімділік;
  • Сабырлылық және динамикалық ортада жұмыс істей алу;
  • Нәтижеге және дамуға ұмтылу.

Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес
  • Гибридті жұмыс форматы және жұмыс күнінің ыңғайлы басталуы;
  • Кәсіби даму: митаптарға, тренингтерге, конференцияларға, демо күндеріне және хакатондарға қатысу;
  • Қосымша 4 күндік еңбек демалысы — жылына барлығы 28 күнтізбелік күн;
  • KPI-ге қол жеткізу нәтижелері бойынша жылдық бонус;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • Ерікті медициналық сақтандыру, стоматологиямен және дәрі-дәрмектерімен бірге, екі жақын туысын тегін қосу мүмкіндігімен;
  • Фитнес-абонементтер жеңілдікпен және бөліп төлеу мүмкіндігімен;
  • Жеке ноутбугын жұмысқа қолданғаны үшін төленетін ақшалай өтеме ақы;
  • Тегін психологиялық көмек көрсетілетін онлайн-платформа;
  • MyBook корпоративтік онлайн кітапханасына кіру мүмкіндігі.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр