Тендерлік сатып алуларды жүргізу бойынша жетекші маман
Толық жұмыс күні, толық қызмет
Алматы қ.
Міндеттері:
  • Ағымдағы базаны дамыту және сақтау;
  • Қолданыстағы клиенттер үшін жұмыс күнтізбесін қалыптастыру;
  • Шарттарды жасасу, сондай-ақ қайта жасасу, конкурстық өтінімдерді рәсімдеу, техникалық сипаттізімдерді дайындау;
  • Бұрыннан бар клиенттер базасымен, оны дамытумен жұмыс жасау;
  • Тендерлік процедураларға қатысу, электронды сауда алаңқайларын (ЭСА) және мамандандырылған сайттарды мониторингтеу, компанияның қызмет ететін саласындағы лайықты сатып алуларды анықтау;
  • Өтінімдердің техникалық бөлігін талдау;
  • Тапсырыс берушілерге арналған баға ұсыныстарын дайындау;
  • Өзінің тікелей басшылығының және Компанияның бағыныстылық бойынша басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін орындау;
  • Сұрауларға сәйкес мерзімді және бірреттік есептілікті ұсыну;
  • Басшысының алдында істелінген жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы ауызша және жазбаша есеп беру;
  • Компания көрсететін қызметтердің сапасына қалай да бір әсер етуі мүмкін кез-келген оқиға туралы ақпаратқа, сондай-ақ корпоративтік клиенттерден айырылу немесе пайданың азаюы сияқты қауіптерге жедел жауап қатуды жүзеге асыру және басшылық пен Компанияның мүдделі бөлімшелеріне дереу хабарлау;
  • Кіріс/шығыс хат-хабарларымен жұмысты жүзеге асыру;
  • Топтың, Бөлімнің және Қызметтің процестерін оңтайландыруға бағытталған кросс-функционалдық жобаларға қатысу.
Талаптары:
  • Білімі: жоғары, сатып алулар/тендерлер бойынша қосымша білімі;
  • Сатып алулар саласындағы заңнаманы білу. Тендерлік процедураларды жүргізу техникасын меңгеру;
  • MS Office Еxcel (Word, Outlook), 1С, B2B сенімді пайдаланушысы;
  • Қазақстан Республикасы аумағындағы сатып алулар саласының нормативтік-құқықтық базасын білу;
  • Жеке қасиеттері: белсенді, өте тиянақты және жауапкершілігі жоғары маман, жұмыскерлігімен және еңбексүйгіштігімен ерекшеленеді, тәртіпті, алдына мақсат қоя біледі, аңғарымпаз, шыдамды;
  • Оқуға бейім, өзінің әтүрлі бейіндегі сатып алулар саласындағы кәсіптік дағдыларын ұдайы жоғарылатып отыру.
Жасалатын жағдайлар:
  • тұрақты еңбекақы;
  • корпоративтік мобильді байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • қосымша медициналық сақтандыру.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...