Белсенді сатулардың жетекші маманы (Шымкент қ.)
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Жұмыспен толық қамтылу, толық күн
Шымкент қ.
Сіздің басты міндеттеріңіз:
  • Өткізу нарығына мониторинг жүргізу,
  • қызметтерге сұранысты анықтау,
  • қызметтерді сатып алуға бейім ұйымдарды анықтау;
  • Корпоративтік сату қызметіне тапсырыстарда көрсетілген айлық жоспарлар мен нормативдарды орындау
  • Клиенттердің дерекқорын жүргізу, барлық өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізу (CRM, биллинг т.б.);
Біздің үздік үміткеріміздің машықтары:
  • Тікелей сату саласында 4 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
  • Басшылық лауазымда жұмыс істеген болса, нұр үстіне нұр;
  • В2В клиенттермен кем дегенде 2 жыл жұмыс істеген болуы міндетті;
  • Эмпатияның жоғары деңгейі;
  • Сауатты әрі дұрыс сөйлеу;
  • Дерекқорлармен және статистикалық есептермен жұмыс істей алу;
Карьералық өсу, жұмысқа ресми орналасу және бұлар ғана емес:
  • Тұрақты еңбекақы және жылдық лайықты сыйақы;
  • Корпоративтік ұялы байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • Қосымша медициналық сақтандыру;
  • MyBook-ке тегін жазылу;
  • Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
  • Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
Сенің резюмең біздің рекрутерлерімізге қарай жол тартты
Біз онымен танысып, егер сенің тәжірибең бізге сай келетін болса, саған қайтып ораламыз

Ал әзірге, мүмкіндіктер аумағын бақылай жүр