Корпоративтік сатулардың жетекші маманы (Астана қ.)
Жұмыс тәжірибесі: 1–3 жыл
Толық жұмыс күні, толық қызмет
Астана
Tele2 беделді халықаралық марапатқа ие болып, төмендегі үш көрсеткіш бойынша Қазақстанда үздік деп танылды: «Мобильді интернеттің ең жоғары жылдамдығы»«Үздік қамту» және «Үздік мобильді желі». Мұны бүкіл ел аумағы бойынша абоненттер арасында жүргізілген мыңдаған тесттер растайды, оларды OoklaÒ компаниясы жинап, өңдеген болатын.

Егер сен өз әлеуетіңді барынша ашып, өзгерістерге дереу жауап қатуға, бастама көтеруде өжеттік танытуға дайын болсаң, сені өз командамызға қуана қабылдаймыз!
Сен атқаратын жұмыстар:
  • Жаңа корпоративтік клиенттерді тарту;
  • Өткізу нарығын мониторингтеу, қызметтерге сұранысты, сондай-ақ қызметтерді сатып алуға бейім ұйымдарды анықтау;
  • Ұялы байланыс саласындағы корпоративтік клиенттердің қажеттіліктерін зерттеу және талдау;
  • Компанияның әлеуетті клиенттерімен кездесулерді, келіссөздерді, презентацияларды өткізу;
  • Коммерциялық ұсынысты әзірлеу, нақты өнімдерге сұранысты анықтау және қанағаттандыру.
Сен туралы:
  • Сен корпоративтік тапсырыс берушілермен жұмыстың қыр-сырын білесің және сату процестерін, мәмілелерді өз бетіңше басқара аласың (мәмілені әлеуетті сату сатысынан келісім-шарт жасауға дейін жеткізу).
  • Бизнесті жоспарлау, маркетинг, сату жоспарларын жасау және баға белгілеу тәртібі негіздері саған таныс.
  • Сенде қарым-қатынас жасау және таныстыру дағдылары, сондай-ақ тіпті ең қиын жағдайлардың өзінде келіссөздерді жүргізу және кез-келген дау-жанжалдарды басқару қабілеті жақсы дамыған.
Біз ұсынамыз:
  • тұрақты еңбекақы және айсайынғы сыйақылар;
  • корпоративтік мобильді байланыс;
  • 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
  • қосымша медициналық сақтандыру;
  • кездесулерге барған кезде «Яндекс Такси» қызметін төлеп беру.
Бізге кел!
Түйіндемеңді жібер
МЕНЯЙСЯ, ОСТАВАЯСЬ СОБОЙ
change
Мүмкіндік
аумағына
жазыл!
Біз сенің өтінішіңді жақын арада қарастырамыз, әзірше...
Сен армандаған жұмыс
Instagram-да
Біз сенің өтінішіңді жақын
арада қарастырамыз,
әзірше...