Талап етілетін жұмыс тәжірибесі: 3 жыл Жұмыспен толық қамтылу, толық жұмыс күні Алматы қ.
Міндеттері:
Серіктестікке тиетін салдарларын айқындау мақсатында, комплаенс тәуекелдерді азайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеуші талаптарды және халықаралық озық практиканы тұрақты түрде мониторингтеу;
Серіктестікке төнетін комплаенс тәуекелдерді бағалау әдіснамасын әзірлеу;
Серіктестіктің негізгі бизнес процестерінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәуекелдерге осалдығын бағалау;
Комплаенс тәуекелдерді бағалау туралы есепті және оларды азайту мақсатындағы іс-шаралар жоспарын дайындауды қамтамасыз ету;
Серіктестікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі саясаттарды, регламенттерді және процедураларды әзірлеуді-өзектендіруді қамтамасыз ету;
Белгіленген тәртіппен Серіктестік үшін үшінші тұлғалардың сенімділігін тексеру процедураларын құруды, тестілеуді және оларды Серіктестікке енгізуді қамтамасыз ету (халықаралық практикада жалпыға ортақ қолданылатын 3rd Party Due Diligence процедурасы);
Серіктестік қызметкерлерін комплаенс бағыттар бойынша жүйелі түрде оқытуды қамтамасыз ету;
Серіктестіктің реттеуші талаптары мен ішкі құжаттарын бұзу мәселелері бойынша бастамалық ақпараттандыру саясатына сәйкес, Серіктестікті бастамалық ақпараттандыруға қажетті коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету;
Серіктестіктің реттеуші талаптары мен ішкі құжаттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Комплаенс тәуекелдер мәселелері бойынша жүйелі түрде есеп берілуін қамтамасыз ету;
Жедел желіге түскен өтініштер бойынша ақпаратты жинауды және талдауды қажетті құпиялылық талаптарын сақтай отырып жүзеге асыру;
Жедел желіге түскен өтініштердің тексерілуін/тергелуін ұйымдастыру, немесе мониторингтеу нәтижесінде алынған ақпараттың негізінде;
Құрылымдық бөлімшелер жүргізетін қызметтік тексерулерді/тергеулерді олар толық аяқталғанға дейін үйлестіру және түзету шараларын қолға алу;
Үміткерлердің, қызметтер мен тауарларды жеткізушілердің, Компания қызметкерлерінің үлестестігін және сыбайлас жемқорлық факторларына қатыстылығын тұрақты түрде мониторингтеу. Жасалынған барлық шарттарды комплаенс тәуекелдердің бар-жоқтығына қатысты талдау, сондай-ақ жасалынған барлық шарттар бойынша талдау жүргізу.
Қойылатын талаптар:
Білімі – жоғары заңгерлік / техникалық / экономикалық
Осыған ұқсас лауазымдығы жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 3 жыл
Комплаенс тәуекелдер саласындағы халықаралық стандарттарды білу
Телекоммуникациялық байланыс жүйелерінің ерекшелігін, соңдай-ақ азаматтардың телефон арқылы сөйлесулерін құпия күйінде қалдыру құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді білу
Болғаны жақсы – ICА халықаралық комплаенс қауымдастығында оқығанын білдіретін сертификат немесе комплаенс саласындағы халықаралық үлгідегі осыған ұқсас сертификаттар.
Ұсынылатын жағдайлар:
Жыл сайынғы лайықты сыйақы;
Медициналық сақтандыру;
Корпоративтік ұялы байланысын төлеп беру;
28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;